Apple Монополиясы

Apple Монополиясы
жеке
блог


Бугін Apple-дін кемшіліктерін жазғым келген бірақ негізінде кемшіліктен гөрі адам сігу әдістері десе болатын шығар. Apple Кезінде Nokia істеген қулықтардың барлығын еселеп істеп жатыр. Nokia бір моделге қоскан функциясын келесі модельге қоспайтын немесе камерасын 2мп емес, 2.2мп-ге көтеріп дизайнды біраз ғана өзгертіп неше жыл аямай халықка итерген еді. Қазір ғой ол амалсыздан Lumia-ны шығарып, қолда бардың бәрін енгізіп, көтін жыртып жатқаны. Адамдар көзін ашқан соң Apple-дің жететін күні сол болады…

Осында 5 күн ақ ұстап көрген Iphone 4s-те көзіме ілінген ОЖ және телефонның кемшіліктерін
аралас түрде теріп шықтым. 

Ен бастысы батарейкасы ауыстырылмайды. Орташа 1 күннен аса шыдамайды. Аздап
ұзақка шыдасын деп экранның жарығын төмендет, сосын вибрацияны, бағдарламаларды,
3G интернетті өшір. Сосын бұрап айфонды көтіңе тық! 500 рет заряттауға арналған
баттерикасы бар. 3G пайдаланатын қолданушы күніне кемінде 2-3 рет заряттайды. Яғни
ұзаса 1 жылдан соң ол телефон 2 сағат заряткамен 1 сағат әрең істейтін жағдайға жетеді.
Жарайды батарейка деген арзан гой. 1200$-ға алған телефонға 100$ аямайсың гой? Бірақ
ауыстыра алмайсың… Амал жоқ келесі моделді алу керек болады.

Технологияның маңыздылығы адам баласына тәуелсізідік пен жұмысына жеңілдік әкелуі,
болашаққа жол ашуы емес па? 10 жыл бұрын шыққан телефондарда бар мүмкіндіктерді
ақшаға сату деген сатып алушыны мал деп көру меніңше. Сосын ең басты ерекшелік,
Apple ОЖ жағынан да пайдаланушыларға қатал шектеу қойған. Барлық затты Apple Store-
дан сатып алуға міндеттейді. Компьютерде I-tunes болмаса ештеңе бөлісе алмайсындар.
Windows жүкті компьютерде i-tunes дұрыс істемейді. Мысал керек десеңдер: 2004 ж.
сатып алған Samsung пен қалаған музыканы тындай аламын және рингтон жасау үшін
сол файлды тандап рингтон ретінде пайдалан деген мүмкіндікті тандасам жеткілікті. Ал
Iphone да әуен сатып аласын да телефонда тындай аласын бірақ басқа бір адамға, немесе
бөтен компьютерге жібере алмайсың. Қонырау шалған кезде ол әуенді әрине ойната да
алмайсың. Ол үшін рингтон ретінде қайта сатып алуың керек. Айналып келгенде жаман
Samsung-пен 5 секундта шешілетін мәселе Iphoneмен жыр боп кетеді, оған қоса 2 рет ақша
төлейсің. Рингтонның соншама маңызы не? Деген сұрақты естіген сияқтымын. Кезінде
Nokia музыкасы ойнай бастаса 10 адамнан 9ы қолын телефонына созатын еді. Ал қазір
Iphone музыкасы ойнай бастаса 10 адамнан кемінде 5-6 адам «менің телефоным ба? » -деп
қалтасын ақтарады. Монополия болып кетуіне өте аз қалды…

Аналог FM радио жоқ! Интернеттен тындауың керек. Себебі ол радиоларға косылу
үшін ақшамен апп түсіріп орнатып, сосын тындау үшін кеткен трафиктың ақшасын gsm
фирмасына тонқайтасың.

Bluetooth деген тек құлақтық үшін істейді. Авторлық құқықтарға байланысты файл бөлісу
шектеулі дейді. Android бөтен планетада қызмет атқарып жүр ғой деймін. Себебі басқа
барлық платформаларда авторлық құқық жоқ, тек Apple-да бар.

USB кабелі қып-қысқа (30 см.) және сапасыз. Кабелдің ұшы микро USB емес. Жоғалтып
алсаңыз оригинал кабелдің құны 30$ шамасында. 1 жылда 2 рет жоғалып, 1 рет бұзылып
қалса 100 АҚШ долларымен көтті сүртесіңдер.

Құлақтығы өте сапасыз. Материалдың каттылығынан 10 минуттан артық құлақ шыдамай
кетеді. Музыка тыңдауға ыңғайсыз.

Қосымша жабдықтары өте қымбат. Оригинал зарядка 4900 теңге. Жәй құлақтық 5500 тг.
Құлақ ішіне кіретін түрі 15000 тг.

Бағасы ең кымбат телефондар катарында болғанымен ішкі кұрылымы ешқашан бәсекелес
фирмалардың телефондарындай сапалы бола алған емес. Мысалы Қазақстан сияқты суық
мемлекеттерде экранды қолғаппен пайдалана алмайсыз.

Сырттан жады қосылмайды. Яғни 16 gb алсаныз сол күйінде қалады.

Жасалған материалы әдемі, бірақ төзімсіз. Тез шаң кіреді, қолдан кұласа тез сынып
қалады. Сол себептен бетіне/сыртына қап алып қаптау керек болады.

Байланыстар тізбегінде адамдарды суреттерімен көрсете алмайды.

Қалаған бағдарлама немесе папкаға кұпиясөз енгізіп жасыра алмайсың.

СМС жіберген соң жетіп/жетпегені туралы қорытынды жоқ.

Экран темасы және иконкалар өзгертілмейді.

3g арқылы басқа телефондармен видео қоңырау жасауға болмайды.

Видео кодек қоспай mp4 сияқты түрлі форматтарды ойната алмайды.

Микро USB жоқ

Түсірген видео/сүреттер туралы ақпарат бере алмайды. (көлем, тарих, сапа т.б.)

Калағаныңша папка аша алмайсың және бір папкаға 12-ден аса файл қосуға болмайды.

Сөйлесер кезде СМС келсе дауысы жай шықпайды. Қәдімгідей шулап құлақты құртады.

Сөйлесер кезде нөмір жазылмайды. Контакт бөліміне кіріп жаңа байланыс қосу керек.

Фонда істеп тұрған апп-тарды бір ретте тоқтата алмайсыз

Flash болмағандықтан youtube-дан басқа сайттарда видео, ойын т.б. ашылмайды.

Будильник қосқан кезде неше сағат қалганын жазбайды)) бұл мен үшін маңызды.

Android Fanboy емеспін! Бұл посттың мақсаты; Бастысы Apple-дің монополияға айналғаны. Iphone
мүмкін бір дәрежесін көрсеткіш заттан аспайтынын айтқым келді және соншама ақша
беріп көті ашыған адамдардың бостан-босқа фирманың ортагындай Apple мен Стив Жобс-ты
жақтағандарын түсіндіру еді.