Naqyl.kz қазақ мотиваторлар сайты: мақсаты, қолдануы

Naqyl.kz қазақ мотиваторлар сайты: мақсаты, қолдануы
жеке
блог

Жақында 25 қаңтар күні Жаңа-Ой Орталығы naqyl.kz атты жаңа қазақша мотиваторлар сайтын аштық. Бұл сайтты ашуға себеп, өткен жылы zhanaoi.kz сайтын ақпараттық сайт ретінде ашқанда, мотиваторлар деген бөлім болушы еді. Сайтта онымен қоса IT, hi-tech жаңалықтар, бизнес пен психологияға қатысты блогтар, бағдарламалау тілдері сабақтары болса да халық көбірек осы мотиваторларға қызығушылық танытты және әлеуметтік желілерде көп таралды. Сол кезде мотиваторларға арнап бөлек сайт ашу керектігі жайлы жаңа ой пайда болды және ол сайтта тек сайттың әкімшілері ғана емес, кез келген қолданушы жасайтындай мүмкіндік болса деп армандадық. Сонымен 3-4 ай еңбектің арқасында осы сайт пайда болды. 
Сайттың айдарларына шолу жасап, қалай қолдану жайлы толығырақ түсіндіріп кетсем деп едім. Себебі көпшілік әлі сайтты түсінбей жатыр. 

Сайттың айдарлары: ЖаңаларҮздіктерТалқыланатынКездейсоқ.

Жаңалар – бұл бөлімде соңғы қосылған мотиваторлар болады.
Үздіктер – бұл бөлімде мотиваторлар ішінде ең көп Ұнату (Like) басылған мотиваторлар болады.Талқыланатын – бұл бөлімде ең көп пікір жазылған мотиваторлар болады. 
Одан кейін МОТИВАТОР ЖАСАУ деген бөлім бар. Оны басу арқылы мотиватор жасап, өзіңізге көшіріп алуға болады, бірақ сайтқа қоса алмайсыз. Жасаған мотиваторыңызды сайтқа қосу үшін КІРУ дегенді басасыз. Оны басып, Google+Facebook немесе Twitter-дегі аккаунтыңызбен сайтқа кіруге болады. Сайтқа кірудің 3 жолы:

1. Егер Google+ арқылы кіретін болсаңыз, төмендегідей терезе пайда болады. Онда Allow access (Кіруге рұқсат беру) батырмасын басасыз да сайтқа кіресіз.

Google+ терезесі

2. Егер Facebook арқылы кіретін болсаңыз, төмендегідей терезе пайда болады. Онда Қолданбаға өту батырмасын басып, сайтқа кіресіз.

Facebook терезесі

3. Егер Twitter арқылы кіретін болсаңыз, төмендегідей терезе пайда болады. Онда Authorize app батырмасын басасыз да кішкене күте тұрасыз, кейін сайтқа кіресіз.
Twitter терезесі

Егер сайтқа жоғарыдағы 3 әлеуметтік желінің бірі арқылы кірген болсаңыз, мотиватор жасай аласыз, ол үшін МОТИВАТОР ЖАСАУ дегенді басасыз. Сонда төмендегідей терезе пайда болады. 

  1. Сурет – осы алаңға басып, компьютерде орналасқан суретті таңдайсыз.
  2. Тақырып – мотиваторға тақырып қоясыз. Егер цитат болса, тақырып қоюдың қажеті де жоқ. Жалпы, бұл алаңды толтыру маңызды емес.
  3. Мәтін – ең негізгі алаң, бұнды мотиватордың негізгі мәтіні жазылады.
  4. Автор – бұл жерде цитатты айтқан тарихи немесе қазіргі күндегі атақты тұлғаның аты жазылуы керек.
  5. — егер сөзді ойдан шығарған болсаңыз, бұл жерге атыңызды жазбай-ақ толтырмай кете беріңіз. Себебі мотиватор сайтқа шыққан соң, астында кім жасағаны көрініп тұрады, сол арқылы қолданушылар мотиваторды кім жасағанын біліп алады.


— егер мотиватордағы сөз мақал-мәтел болса, Автор деген жерге мақал немесе мәтел дей салсаңыз болады.
жасау – барлық алаңдар толытырылған соң, басылатын батырма.


Енді бір мотиватор жасап көрейік. 



Мотиватор дайын болады, бірақ тэг қоюды ұмытпау керек. Сол тэг арқылы мотиватор көбірек қаралады. Тэг қою үшін суреттегі мәтін жазылған жерге басасыз.


Тэгтерді үтір (,) арқылы жазып шығасыз. Кейін naqyl.kz-ке қосу батырмасын басасыз.


Сосын мотиваторды әкімшілер тексерген соң, сайттың бас бетіне немесе Жаңалар бөліміне шығарады. 
Сайтқа қандай мотиваторлар шықпайды:
— жарнама мақсатында жасалған, мысалға, өзі жұмыс жасайтын компанияны жарнамалаған, өзінің суретін қойған;
— ұятсыз, +18 жасқа арналған және қорқынышты суреттері мен мағынасыз сөздері бар;
— мәтіні өте көп, суретінің сапасы нашар немесе суреттің өлшемі өте үлкен;
— суретте өзге тілдегі мәтіндері бар мотиваторлар сайтқа шығарылмайды.
Суреттердің өлшемі 500-600 пиксель шамасында болса, пропорциясы, яғни енімен ұзындығы өлшемі жағынан бір-бірінен қатты үлкен болмаса, жақсы, сапалы мотиваторлар пайда болады.

Сайттың ерекшелігі мен құпиясы

Мотиваторлардағы тұлғалардың атын Қазақша Уикипедияға сілтеме жасап отырамыз, сол арқылы атақты тұлғаның өмірбаянымен, істеген ісімен таныс боласыз. Егер Уикипедиядағы мақала сапасыз болса, оны біргелікте түзетуге болады. Сілтеме суреттегідей көріністе болады.

Алдымыздағы аптадан бастап, сайттағы мотиваторларды белгілі тақырыпқа арнаймыз. Мысалға, дүйсенбіден бастап, әр түрлі кинолардағы айтылған сөздерді мотиватор ретінде шығарып отырамыз. Одан кейінгі аптада спортшылардың айтқан сөздерін шығарамыз. Солай жалғаса береді. Дегенмен басқа тақырыптарға да мотиваторлар жасай беруге болады.