Аялдайын мына өмірге

Аялдайын мына өмірге
жеке
блог

Исаев Серік

 

Мен бүгін өзіңді ойлап жыр жазамын,
Жыр жазудан қалмады басқа амалым.
Қайда жүрсем елесіңмен жолығамын,
Жан әкешім, сырымды ақтарамын...
Сен сияқты кім түсінер мына мені?
Жан жүрегім бөліктерге тілінеді.
Еске алғанда қамқор жанды өзіңдей,
Күйінгеннен жан дүнием күрсінеді.
Шыдай алмай көз жасым тамшылайды,
Тамшылаумен жүрегім қансырайды.
Әлдеқандай бір сезім мазалайды,
Ұйқы бермей түнде де бір тынбайды.
Жиі енесің түсіме, құшақ жая,
Шақырасың өзіңе атымды айта.
Кешірші әке, әзірге бара алмаймын,
Тоса тұршы аз ғана аялдаймын.
Аялдайын, кішкене мына өмірге.
Биіктерге шығайын жігерлене.
Сен аңсаған арманға жету үшін,
Тастап кеткен жоқ па едің мені еліңе?!