Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Біржан ЖАҚЫП, боксшы: Мен әлі спорттан кетпеймін

Біржан ЖАҚЫП, боксшы: Мен әлі спорттан кетпеймін

Біржан ЖАҚЫП, боксшы: Мен әлі спорттан кетпеймін

Лондонға кетер алдында Біржан Жақыппен болған сұхбатымды оқып, ой бөліссеңіздер. Мұндағы мақсат Лондонға барарда спортшыларымыздың көксеген армандары қандай еді, дегенді тағы да аңғарту

Айқын 17.07.12

Біржан Жақып

 

 Айқын газеті 17.07.12.
 
Қазақ жанкүйерлері Лондон Олимпиадасында жүлде күтетін спортшыларымыздың бір шоғыры - боксшылар. Төрт жыл сайын айналып соғатын дода барысында былғары қолғап шеберлеріміз қол жеткізген жетістік жаман емес. Міне, биыл да біз боксшыларымыздың жолына үмітпен қарайтын боламыз. Ал олардың дайындық деңгейлері қандай? Ендеше Олимпиада ойындарына баратын спортшыларымыздың бірі - Біржан Жақыппен ой бөліселік.

- Біржан, Лондон Олимпиа­дасына дайындық қалай жүріп жа­тыр?
- Бүгінде Лондон Олимпиа­да­сына дайындық жақсы жүріп жатыр. Бәрі де ойдағыдай, бір­қа­лыпты. Күніне 3 мезгіл дайындық жасаймыз. Барымызды салып, жақ­сы нәтиже көрсету үшін тын­бай еңбек етудеміз.
- Спортшының мықты болуы бапкерге де тікелей байланысты дейді. Сіз өз бапкеріңіз жайлы не ай­тар едіңіз?
- Менің бапкерім өте тәжі­ри­белі. Сол кісінің арқасында осын­дай дәрежеге жетіп отырмын. Әр алаңға шығар алдында бапкерім маған өзінің құнды кеңестерін беріп отырады. Кейде жіберген қателіктерімді бетіме басып, ендігіде оларды қайталамауымды сұрайды. Жалпы, бапкерім мықты кісі. Қазақстаннның бас бапкері тегін адам болмауға тиіс.
- Жалғыз жолдаманы ұтып ал­ғаныңызда қатты қуандыңыз. Ал бұл жолдаманы алуда өзіңізге бас­ты қарсылас деп кімді таны­ды­ңыз?
- Бұл жерде өзіме басты қар­сылас ретінде өзбек және жапон ағайындарын көрдім. Неге де­сеңіз, олар ешкімнен жеңіле бер­мейтін мықты боксшылар. Тағы бір айтарым, олар мен үшін әлі алын­баған қамалдар есебінде бол­ған. Сол қамалдарды алу арқылы мен жолдамаға қол жеткіздім. 
- Жолыңыз болып, Олимпиа­дада жүлделі орынға ие болсаңыз осы жеңісіңізді кімге арнамақсыз?
- Құдай қаласа, аталмыш Олим­пиадада жүлделі орынға ие бол­сам, әрине, жеңісімді Қазақ­станға арнаймын. Өйткені біздің туымыздың әлем аренасында биік­те желбіреп тұруы, біздер үшін өте үлкен бақыт болып табы­лады.
- Сіз өзге боксшыларға қара­ған­да қызуқанды көрінесіз. Осы жай­лы не айта аласыз?
Спорт болған соң бірде жеңіс, бірде жеңіліс болады. Кейде сол жеңіліс, келесі жеңістің орын алуы­на үлкен септігін тигізіп жа­тады. Себебі, спортшы жеңілген кез­де сол қарсыласын қалайда жең­гісі кеп құмарланады. Осы тұс­та, менің ойымша, кез келген боксшы эмоционалды болуы ке­рек. Сонда ғана ол армандаған биі­гіне қол жеткізеді. Яғни кейде спорт­та мінездің де керегі болып жа­татын тұстары кездеседі.
- Жалпы, спорт өте үлкен «шай­қас» алаңы. Бұл алаңға қалай тап бол­дыңыз?
- Мен боксқа мектепте жүр­генімде келдім. 13-14 жас шама­сында бокс мектеп үйірмесіне жазылдым. Достарым ылғи есік алдына келіп, былғары қол­ғап­тарды киіп бір-бірімен шайқасып жататын. Соларды көріп қатты қы­зығып кеттім десем де болады. Содан достарыммен бірге барып, бокс үйірмесіне жазылған түрім бар. Міне, бүгінде бокс менің өмі­рімнің бір бөлшегіне айналды.
- Халық өзіңізді боксшы ретінде жақсы таниды. Ал қарапайым өмі­ріңіздің күйі қандай? Яғни отба­сыңыз жайлы айтып берсеңіз?
- Мен Созақ ауылында дү­ние­ге келдім. Сонда ауылдың басқа ба­лалары сияқты қозы бағып өстім. Нағыз қазақтың қара до­малақ ұлдарының күйін кештік. 3-4 сыныпқа өткенімде Шымкент қаласына көштік. Осы жайтты менің бокс әлеміне жол ашуым де­­сек те болады. Ал отбасында әке-шешем, ағам және екі қа­рын­дасым бар. Яғни үйде төрт ағайын­­дымыз.
- Үйдегілеріңіздің спортқа қа­тысы бар ма?
- Отбасымызда спортқа қаты­сы бар ешкім жоқ екен. Тек әкем­нің бокс пен футбол жанкүйері болуы ғана болмаса, жанұямызда спортты таңдаған жандар бол­мапты.
- Қазақ боксына қандай баға бересіз?
- Қазақ боксы сонау Кеңес Үкі­меті тұсынан-ақ ылғи биік­терден көрініп жүр. Серік Қо­нақбаев ағамызды шебер деп айтсақ, оның жолын Ермахан мен марқұм Бекзаттар жалғастырды. Бүгінде ағаларымыз салған сара жолды қазақ боксшылары жан­дандырып жүр. Лондон Олим­пиадасына алған жолдамалардың саны да қазақ боксының мықты күйде екенін тағы бір дәлелдеді.
- Болашақта қандай жоспар­ларыңыз бар?
- Болашақты әлі жоспарла­мап­пын. Бір білерім мен әлі спорт­тан кетпеймін. Спорт менің қа­зіргі - өмірім.
- «Жақсы спортшыдан жақсы бап­кер шығуы екіталай» деген ой бар. Сіз осымен келісесіз бе?
- Мен бұл оймен еш келіс­пей­мін. Өйткені, кез келген спортшы бар ынты-шынтысын салып ниет­тенсе ол бапкер бола алады. Бұл үшін, әрине, ең алдымен ниет пен еңбек қажет. Сонда ғана бүгінгі спортшы, ертеңгі бапкер болуы әбден мүмкін.
- Сізге алдағы жарыста тек сәт­тілік тілейміз!
- Көп-көп рахмет!


Сұхбаттасқан 
Гүлжан Серік




0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 01 ақпан 2013, 00:39
Тегтер: Біржан Жақып. Лондон Олимпиадасы. бокс. Мен әлі спорттан кетпеймін. Гүлжан Серік. Айқын

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.