Қаралы күн

Қаралы күн
жеке
блог

Кейінгі кезде ұшақтардың жиі апатқа ұшырап, жазықсыз жандардың құрбандыққа айналып кете баруы кімнің болмасын оның ішінде ақындардың жанына ауыр тиетіні рас. Қарағандылық ақын Сұлтан Дәулетханның осы бір қайғылы жайтқа көкірегі қарс айрыла жазған өлеңін оқырмандарға ұсынып отырмын.Қабыл алыңыздар!

Әсет Аманжолов

 

Үшінші рет елімде қаралы күн,

Торлайды кеп жан жақтан сананы мұң.

Ойда жоқта көз жұмған бейбақтарын,

Қайғы жұтып жоқтайды дала бүгін.

 

«Келсе де ауыр қасірет көтеріп көр»

деп сынайды бізді сан қателіктер.

Көремісің Құдайым, көз жасымды,

«Ең бақытты күндерді әкеліп бер?!»

 

...Зары осындай халықтың қан жылаған,

Қан жылаған құсадан қалжыраған.

Тумас еді дәл мұндай шерлі күндер,

Бекем болса ісіне әрбір адам.

 

Болмаса да оқыс жайт налитын мың,

Жара салмас жаныңа фәни кімнің?!

Ішімдегі жүректі қан жылатып,

Ұлуын ай сырттағы қара итімнің...