Танысу анкетасы

Танысу анкетасы
жеке
блог

Қайтқан малда қайыр бар демей ме? Ұрлап алсаңызда кезек бергеніңізге үлкен рахмет!

Өзің жайлы қысқаша мәлімет:

Жеңіс Нұрдәулет

Бойым - 1,95

Салмағым - 65 кг

ҚазҰУ-да журналистика факультетінде 3 курс

 

  Хобби:

 Кітап оқығанды десем өтірік мақтанып отыр дейтін шығарсыздар.Алайда аздап Гитара ойнаймын.Шағын бизнесім бар жатахқанада ноутбук, сотка, компьютер, тефаль, үтік жөндеймін деп жарнама жасап кояйын!

 

Қай елге саяхат жасағың келеді?

Шынымды айтсам қай елге ұсыныс түседі сол елге бара берем?

 

Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар,

жәндік, планета)?

Бірінші, ойлауға мүмкіндігі бар,ақылмен  шешетін адам болғаныма шукір деймін егер таңдау болса қаңғыбас ит болар едім

 

 Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Асықпаған арбамен қоян алады!

 

 Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есіңде ме?

 Әрение есімде алғаш жүрген қызыммен ауылда

 

 Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир), неге ол адам?

Жұлдыз болып көк аспанда тұр мейлің

Бір адамнан артық жанды көрмеймін

Әртісте емес әнші де емес данышпан

Үлгі тұтар жалғыз әкем кумирім!

 

Сүйікті спорт түрі?

Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар,бәріненде құйрық жеп үйде жатқан озар.

Турниг,стол теннис

 

Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

«Шал» мақтануға тұратын фильм

 

Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Керек емес деп ойлаймын зерек ой

Еркек артық,еркек орны бөлекқой

Әйел пысық болғанымен бәрі-бір

Үйде басшы еркек болу керекқой

 

Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Тек мен емес әлем айтқан шындықты

Әйел пысық еңбекпенен шұқыпты

Әйел адам ұстағаны дұрыс ау

Еркектерге қарағанда ұқыпты

 

Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Ең алдымен жауабымды тоспай ма?

Билет алып берсе дағы басқа айға

Мені сүйсе меніменен қалады

Бармаймын да жібермеймін ешқайда!

Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?

Мәні көпқой айта берсем қарағым

Қабір деген ұзақ жолға барамын

Жолаушымыз барлығымыз алайда

Арасында жүрміз ақ пен қараның

 

Барлығы да ақша,билік таласат

Өмір қысқа саусақпенен санасақ

Кино басы өмір менен басталад

Өлімменен  аяқталад қарасақ!

 

Жас баладай басып кеткен тезекті

Көңіл күйсіз ала-сұрып без етті

Таныстырмай қалған адам бар болса

Таныстырсын бердім соған кезекті

 

Жазбамды жұрт қызықтыра ашса деп

Өлеңменен жаздым қызық тапсын деп

Даралынып қуып кетсем кешегөр

Алғыс айтам жасай берсін МАССАГЕТ