Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Аңызға айналған аналарымыз жайлы не білеміз?

Аңызға айналған аналарымыз жайлы не білеміз?

Аңызға айналған аналарымыз жайлы не білеміз?

Мен осы жазбаны жазуы себебім өзім шыққан өңірдің белгілі батыр аналары жайлы  білгендерімді, оқығандарым, үлкен аталардан естііп тыңдағандарымды, есімде қалған аңыздармен бөліскім келді. Қазіріг таңда үлкендер әңгіміесін тыңдап, кітап оқитын жастар саны азайып барады, интернет арқылы оқып кейінгі ұрпаққа қалсын. Кезінде бірге жұмыс жасаған аталар түскі астың үзілісінде осындай әңгімелер айтып  берді, енді сол әңгімелерді сіздермен бөліскім келеді, мен білетін аңыздарды сіздерде біліп, сіздер білетін аңыздарды мен біле жүрейін. Ішке сақтамай жұртпен бөліссек ұмыт болмай жады да жаңғырып отырады. Өздеріңіз білетін аңыздармен бөлісе отырыңыхдар достар.

Халқымыздың қиын күндері батыр бабаларымызбен бірге батыр аналарымызда болған. Мұрын анамыз жайлы айтып берейін.

Көбіне фамилиямыз атамыздың атымен жазылады, ер адамның атымен жеті атамыз тарайды, әйел адамның атымен аталатын ру Мұрын ана. Шежірешілер "Мұрын" анамыздың лақап аты деп атайды. Ол ананың шын аты: Жүзей, Нүрбике, Кулайым, Қорлы, Жүзбике осыншама аты бар екен, әр жақ ар қалай атаған. Мұрын анамызды біреулері Байыстың әйелі десе, енді біреулер Сармырза байдың әйелі деп айтады. Мұрын мен Қызай ұлы жүз үйсін Бәйдібек (Бійдібек) бидің Нұрила (Домалақ ене атымен танылған) атты әйелінен туған. Қызай Шағыр дегенге тұрмыс құрған. Ал Мұрын ше? Ол жайлы әр шежіре де , әр кітапта әр түрлі жазады

Орта жүз найман шежіресінде Тұрсынбек Маманұлы жазған, оны Сүлеймен деген кісі көшіріп бүгінгі ұрпаққа сақтаған. 

Бәбішенің бәйбішесі Мұрын еді, 

Мақта апай, Сармырзаны туып еді

Байжігіт пен Жанжігіт, Мақта апайдан

Мұрынға сол себепті жақын еді.  (Ақтайлақ шежіресі. 2002жылы;32бет)

Нұрқияның Тәуке батырмен айтысында 

Атам Байыс болғаанда анам Мұрын,

қай қазақ сөз сөйлеген бізден бұрын

Нағашым Ер Шерубай, Танамырза

Батырым байқайсың ғой сөздің түрін (Айтыс. 1988ж 189бет)

Аягөз қаласында қазір марқұм болып кетті, Секен ата деген жол ионтері болды. Осы кісінің аузынан естідім.Оспанүлы деген шежіресінде жазылыған деп айтты

Байыстан Байжігіт, Сыбан, Мұңайтпас,Ахмет, Қыржы  барлығы бір анадан туған, кіші әйелі Мұрыннан Сары туып, Байыстан алты ұрпақ қалды деген.

Қарап отырсақ Мұрын Байыстың бәйбішесі делінген. 

Кейбір шежіреде Сармырзаның үлкен әйелі Мұрыннан Қаңлыбай, Берді Күшек туып, оларды Көнші атандырған деп жазылған. Осы бойынша қарасақ Мұрын мен Көнші тетелес ру болуға тиіс. 

Ақтайлықтың шежіресінің екінші нұсқасы бар, онда Домалақ анадан Жүзей, Қызай есімді қыздар туған екен. Қызай Матайдың  баласына тұрмысқа шығып, Жүзей Байысқа шыққан. Екеуінің әкелері үйсін еліндегі Бәйдібек батыр. Жүзей найманның ұрпағына тұрмысқа шыққан,Жүзей кесек, мұрыны (танауы) үлкендеу болған екен. сондықтан бұдан тараған ұрпақ Мұрын елі атанып кеткен. 

"Сыбын Мұрынбыз" деп шежіренің бір нұсқасын шығарған шежірешілер бар. "Мұрын Байжігітпіз" деп бөлінетіндерде бар. негізінде Байжігіт Мұрын ананың жиен немересі, Мақта деген қыздан туған. 

Байыс би кейінгі әйелдер алған соң бәйбішесін ұл қыздарымен еншіліп жеке ауыл етіп отырғызған, бастапқыда бұл ауыл анамыздың атымен аталып жүрген,жалғаса келе ұрпақтары осы қасиетті ананың атымен атаған.Мұрын анамыз қасиетті, киелі адам болғаан. Бір күні ерте тұрса, күншығыс жаақтан мойнына ошақ ілген бір көк ұошқар келе жатқан, есік алдына келген қошқардың мойнындағы ошақты алып, қошқардың өзін сойғызып,етіін кептіріп салып қойыпты кебежеге (сандық) Күнде еттің бір мүшесін пысырып, Сармырзаға оңаша беріп отырады, бір күні жиені Байжігіт бір жамбасын үрлап алып, өз шешесі Мақтаға әкеп беріп, астырып жейді. Мұрын ана жамбастың біреуін жоғалғанын байқап сұрастырады. Сонда қызы Мақта болған жайды айтып береді, сол кезде Мұрын ана айтады Алланың ғайыптан бұйырып келген малы еді, Сармырзаға ғана жегізіп жүр едім, ұрпағы өніп ақылды адамдар көп шығып қалың ел болсын деп ырымдап жегізіп жүр едім, Байжігітпен Сармырзаның ұрпағы лайым солай олса екен деп тілек тілепті дуалы ауызды қасиеттіі ана, сол тілегі қабыл болып,үлкен бір ру болып отыр, жалғыз ғана осы екі баласы емес, барлық баласы өніп өскен. 

Кейбір тобықтылардың таратқан шежіресінде Мұрын ананы Сармырзаның бәйбішесі етіп жазған. Мұрын ана осы сайтың админі Анардың апасы болып келеді.

Мұрын ана жайлы бұдан басқа аңыздар жетерлік. Барлық аңыздарды жинақтап нақты шындықты кейінгі ұрпаққа қалдыру керек. Әр шежіреден оқып түйгенім бойымша Мұрын Байыстың бәйбішесі деген дәлелдерге көбірек сенемін.

Келесі жазба осы Мұрын анадан тараған қасиетті аналар жайлы болады

Пы:сы бұл мен естіген аңыздар мен шежіре, келіспейтіндеріңізде болу мүмкін.Өз ойыңызды айта отырыңыз

16
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 30 қаңтар 2013, 15:51
Тегтер: ру, Мұрын ана, Байыс би, шежіре

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.