Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алаңдап отырмын...

Алаңдап отырмын...

Алаңдап отырмын...

 

Алаңдап отырмын. Жұмыстағы терезеден Астананың төріндегі бас Туға қарап қойып, алаңдай беремін...

Дәл сол Тудың жанынан жүретін 42-ші автобус. Өте бере «Көк Тудың желбірегені» санамда да, ұялымда да сарнап қоя беретін.  Рухтанып кететін едім. Сосын жанымдағы өзге ұлттарға кеуде кере қарайтын ем.

27 шекарашы қаза болған Аза тұту күні жұмысқа келе жаттым. Ойымда бүгін аза тұту күні екені есімде де жоқ. Өткен түнде осы оқиғаға байланысты таңғы 4-ке дейін жұмыста отырсам да, тарс есімнен шығып кетіпті. Ұйқы шала, әрине. Тудың қасына да жетіп қалған едік. Әдетте, басымды көтере қарайтын Туым автобус орындықтарының деңгейінен-ақ көрініп тұр... жүрегім шымыр ете қалды. «...Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен желтоқсанның 27-сі Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бүгін бүкіл еліміз бойынша барлық мекемелерде Мемлекеттік ту төмен түсірілді...» дегенді өзім таратқан жоқпын ба?...

Езілген еңсемен жұмысқа жеттім. Тағы сол көрініс. Тереземде де Ту төменде тұр...

...Бүгін «...Алматы қаласының маңында «Скат» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады...», «...Ұшақта 15 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Алдын-ала мәліметтер бойынша тірі қалғандар жоқ...» дегендерді тағы таратып отырмын.

Туға қарап, алаңдап отырмын әлі...

11
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 30 қаңтар 2013, 11:14
Тегтер: ұшақ, апат, Ту, Алматы маңы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.