ЖАЗМЫШ...

ЖАЗМЫШ...
жеке
блог

Сөзбе-сөз жаттамадым. Тек ұққанымды қағаз бетіне түсірдім... Есте жоқ ескі заманда ажал адамның көзіне көрініп барып, жанын алатын болыпты. Бір күні пайғамбарымызға бір адам келіп: «Сенің мейірімің мен құдіретің шексіз ғой, мен бүгін жаналғышты көріп, қатты қорықтым, мүмкіндігіңше мені Үндістанға жеткізіп тасташы»,  – деп жалына үн қатыпты. Пайғамбарымыз пендесінің өтінішіне құлақ асып, соққан желдің құдіреті арқылы тілегін орындаған екен...

Бір қызығы, тура сол күні түстен кейін пайғамбар жаналғыш Әзірейілмен бетпе-бет ұшырасып қалыпты. Сол сәтте пендесінің әрі үрейлене, әрі үміттене қарап өтініш айтқаны есіне түскен пайғамбар: «Өзің адамның жанын алғаныңмен қоймай, қорқытатының не? Бүгін менің бір пендем сенен қатты қорыққан екен...», – депті жаналғышқа.

        – Қалайша? Мен оны қорқытқам жоқ, қатты таңғалып қарадым ғой. Өйткені маған оның жанын кешке Үндістанда алуға бұйрық берілген болатын. Ол адамды көргенде «кешке дейін Араб жерінен Үндістанға қалай жетпек мына адам, сірә, бұл қателік болар» деп таңғалдым әрі қуанғаннан көз алмай, қадала қараған едім... Жан алу оңай болып па... – деп жауап беріпті жаналғыш. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген сөз осыдан қалса керек... 

(Бүгінгі апаттан қосағынан қапыда айырылып, «30-ына алынған билетті 29-ына неге ауыстырдым екен...» деп жаны күйзеліп жылаған апаны көрген соң есіме түскен еді...)

МАРҚҰМДАРДЫҢ ЖАНДАРЫ ЖАННАТТА, ИМАНДЫ БОЛСЫН...    

Сурет http://www.stihi.ru