сұрап алғам кезексөзім))

сұрап алғам кезексөзім))
жеке
блог

 

Сұрап алдым ау, сұраааап))) Аттасым керемет қып адамды қызықтырып))) Болмаса тап осы кезексөзді онша жазғым да келмеген еді, енді жазғым кеп кетті)))

 

 

Ал, АЛЛА деп көрейік)))) 

1. Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қай оқиғаны түзер едіңіз?

Ондай кездер көп қой))) Мүмкін болғандаааа екі мың бестің жазына оралар ем. ҰБТ жазғанда төртінші пәнді басқаша таңдап, тағдырым, бәлкім, мүлдем басқа болар ма еді. Немесе аздау балл жинап, алысқа кетпес пе едім. Одан өзге көптеген "косяк"тар болды ғой)) Бәрін өңдеп, жөндеп шықсам, қазір бар ғооой мен деген мінсіз адам болар едім, тіпті кіршіксіз сәбидей шығар))

2. Ең жүйкеңізге тиетін не?

Араларыңдағы ең "неврастеничка" мен шығар. Жүйкеме тиетін нәрсе көп. Пенопластты кескенде, терезені тырнақпен тырнағанда, тақтайға бордың тиген кезінде тайып кеткен дыбысы. менің затыма біреу тиіссе, сұрамай заттарымды алса, денеме қолын тигізссе біреу кәдімгідей қаным қайнайды. 



3. Егер "Джинн" келіп, үш тілегіңізді айтыңыз десе, қандай тілек айтар едіңіз?
Жындардан аулақ)))) Жалпы тілек армандарым көп қой)) Осындайда не жазарымды білмеймін))) Бір жағынан бәрі бар, толыққанды бақытты адаммын деймін, АЛЛАға шүкір, бірақ тілектерім сондай банально естілуі мүмкін: отбасымда амандық, елімде тыныштық, жүрегіме махаббат)))



4. Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жей аласыз ба?

Жоқ. Біреу жеген қасықтан, табақтан дәм татпаймын. Кішкене жиіркеншекпін енді)))


5. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

Елдердегі барлық қалаларды қоса болса, Франция (Париж, махаббатым менің), Үндістан (Нағыз махаббаттың белгісі Тадж Махалды көргім келеді), үшіншісі құпияяяяя)))


6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?
"И на солнце есть пятна" 

7. Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?

)))) Жорамалға сенбеймін, ал белгілі мезгілде туылған адамдардың қасиеттері ортақ болатынына сенемін))) Мысалы, таразы қыздардың бәрінің бетінде ойықтары (ямочки) бар)) От белгісіндегі ер адамдардың бәрі импульсивті, тек өзінікін дұрыс санайды))) Суқұйғыштар көп сөйлегіш, ал балықтар кез келген ситуациядан сырғып шығады. Бикештер өте кірпияз, тап тұйнақ жүреді және т.с.с))))


8. Сіз темекі шегіп тұрсыз, артыңыздан әкеңіз келіп қалды. "- Ұлым/қызым, мұның не?" деді, не істер едіңіз?
Он бес пен жиырма үш арасында менің әкем "Мұның не?" демей ақ ұқтырар еді ақ пен қараны))) Қазір ұрыспас еді, бірақ баяғы сол көзқарасы жетіп артылады ғой)))) Бір қарағанынан пікірін білдіре алатын нағыз ер азамат қой менің папам)))) "Шаг на лево, шаг на право тире растрел"))))
9. Сізге таңдау келіп қалды: туысқандарыңыз және махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз?

Болған бұл таңдау. Отбасымды таңдадым. Еш қиналмай демеймін, көп жас төгілді, көп уақыт кетті жараның жазылып кетуіне, бірақ өкінбеймін)))

10. Сіз әншісіз, концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз, сіздің әрекетіңіз?

Әнші болуым екі талай енді))) Алайда, саспайтын едім)) Әнімді аяқтап, түк болмағандай жалғастырып, сосын көрерменнен кешірім сұрар едім ( өзім көрермен болсам, әнші осылай істегенін қалар ем


Маған қойылған сұрақ: Жазда бір туристік компаниямен ыстық бір аралға баратын болдыңыз. Шомылатын киімдеріңіз, жаздық киімдер, уопшым жеңіл киәмдердің барлығы чемоданыңызда. Алайда самолеттен шатасып, Один домадағыдай ше, Альяскаға кетіп қалдыңыз. Ол жақта күн суық, не істер едіңіз?

Жаным ау, қолымда сөмкем, ал ішінде ақшам болса болды ғой))) Ол еш уақыт мәселе емес. Ал ақшам болмаса, интернетке кіріп,жақындарыма хат жазар ем))) Аляска жақта да таныстар табылады ғой))) 

Сұрағым: Сізге айтылған ең ең тамаша, ерекше, есте қалған комплимент?

 

Кезекті алғысы келген кез келген қыз бала алсын))) Комментте алғаны туралы жазып кетсін))))