жеке
блог

Эстафета жалғасадыыы!)

- Дайынсың ба?

- Дайынмын! деееп Лидердің форматында жазайын дегем ғоо, бірақ барлық жауабым "Келесі" боп кететін шығар. Қой, көп созбай жазайын. 

1. Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қай оқиғаны түзер едіңіз? 

Оқиға емес, сонааауу ертерек кезге барып атамды көріп қайтатын едім. Бәрі атаңа тартқансың дейдң, соған көз жеткізу үшін.

2. Ең жүйкеңізге тиетін не?

Қыздааар, еріндеріңді бантик қылып түспеңдерші суретке!

3. Егер "Джинн" келіп, үш тілегіңізді айтыңыз десе, қандай тілек айтар едіңіз?

Джинн

Мынауу тілекті орындайтын болсааа..... Қой, одан да Хоттабыч атаға айтайын тілегімді)

Хоттабыч ата

Ойбуу,  бұл атамның да жағдайы мәз емес...) 

Мен Алладан тілек тілейін:

1. Бәріміз бақытты болайық!

2. Сосын біраз жобаларым бар солар іске асса екен)

3.  Қазақстан мықтыыы ел болсын! Жетеді маған осы да)


4. Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жей аласыз ба?

Қасығын білмедім, бірақ бір әншінің стаканындағы Фантасын ішіп ап, енді аузымды жаба алмай ән айтып жүрм ғо))

5. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

Білівотцыздар ғо, біріншісі Корея екенін)) Екіншісі Франция, үшіншісі Англия

6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?

Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Н.Назарбаев

7. Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?

Бұрын оқитынмын қазір ваще оқымайм, сенбим. Бәрі бір Аллаға Аян!

8. Сіз темекі шегіп тұрсыз, артыңыздан әкеңіз келіп қалды. "- Ұлым/қызым, мұның не?" деді, не істер едіңіз?

Қымм, папа, бұл жай газет қой. Дер едім егер сондай жағдай болса, бірақ менің папам темекі шекпейді, ондай жағдай қызында бола қоймас... 

9. Сізге таңдау келіп қалды: туысқандарыңыз және махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз?

Егер сондай таңдау келсе, өзім қашып кетем, әзіл,  бірақ ата-ана, ағайын бәрінен қымбат.

10. Сіз әншісіз, концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз, сіздің әрекетіңіз?

Әнімді жалғастыратын шығармын, көрерміз. 

Данагүлдің маған секретно қойған сұрағы:  мұғаліміңізге ғашық болып қалуыңыз мүмкін бе еді? болса, қандай күй кешкен болар едіңіз?

Шынымды айтсам, біздің мектепте ғашық болатындай ағайлар істемепті ше. Универде де сондай ғо, ғашық болатын ешкім жоқ, егер ғашық болып қалсам, басқа мектепке ауысып кетер едім.

Менің сұрағым: Жазда бір туристік компаниямен ыстық бір аралға баратын болдыңыз. Шомылатын киімдеріңіз, жаздық киімдер, уопшым жеңіл киәмдердің барлығы чемоданыңызда. Алайда самолеттен шатасып, Один домадағыдай ше,   Альяскаға кетіп қалдыңыз. Ол жақта күн суық, не істер едіңіз?

Таяқ Айжан Табында


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі