Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ауылым бар, осындай! Эстафета

Ауылым бар, осындай! Эстафета

Ауылым бар, осындай! Эстафета

    Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылынан барша жұртқа мың сәлем! Жако бастап, Айко қолдап жіберген эстафетаны ары қарай да кезегімен жалғайын, кешіккенім үшін айып етпеулеріңізді сұрап, бастадым:

Жалпы Мойынқұм ауданы Жамбыл облысы территориясының 40 пайыздан астам жерін алып жатқан үлкен аудан болып саналады. Ауданға қарасты 16 ауылдық, кенттік округтердің ішінде  - Мойынқұм аудан орталығы. Аудан аумағында алтын, күміс, барит, гранит, цемент қазба байлықтарын өндіретін ірі зауыттар жұмыс атқарады. Жер көлемі кең, мал шаруашылығына жайлы мекен. Ер Қайратты дүниеге әкелген, "Достарымның дидары жайдары" деп Шәмшіге ән салдырған елі дархан, жері бай өлке.

Ендеше ауылымның жайын суреттермен баяндайын, ел-қатарлы). Бүгін арнайы эстафета үшін мұражайға бардым, ауылдың бет-бейнесін мұражайдағы суреттер арқылы жеткізсем:

Ауылдың маңдайалды орындарының көрінісі...Келесі суретте алып тұлғалардың ауылға сапарынан естелік қалыпты, мұражайдың бір қабырғасында осы суреттер ілінген...

Ауданда аумағында кездесетін құстар:

Қазақы ауылдың бейнесі, үлкен қазақ үйге де мұражайдан орын табылған:

    Мұражайдың іші өте қызықты, өзіме ұнайды, келіп көрулеріңізге кеңес берем)). Енді далаға шығайық, аз-маз көріністер...Саябағымыз...Мойынқұмдық асыл азаматтар, социалистік еңбек ері Жазылбек Қуанышбаев пен қаһарман Қайрат Рысқұлбековтің ескерткіштері..

Аудандық мәдениет үйі, кімдер ән салмады десеңізші мұнда).

Орталықтағы шағын футбол алаңы..

3 үлкен мектептің 1-уі ....

П.С. суреттер тек ауылдың ішінде түсірілген кадрлар, бұрынғы. Жаңадан "бой түзеген" әдемі ғимараттар мен табиғатты түсіруге мүмкіндік болмады, жазда арнайы Массагет үшін табиғатқа шығып, фотосессия жасайтын боламын, бұйырса!).

Тәк, осымен доғардым, эстафетаның кезегін Қыпшақ қызына беріп, туған жерінің сұлулығына таңдай қақсақ деген ниет бар! Жазик, өзіңнен хабар күтеміз!)

17
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 25 қаңтар 2013, 00:15
Тегтер: эстафета, ауыл, туған жер

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.