Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Оқырманға сөз

Оқырманға сөз

Оқырманға сөз

«Нұрмұра» сайты бүгін жаңа дизаинмен, жаңарған концепциямен шығып отыр. Осыған орай оқырманға аз сөз арнауды жөн көрдік.

Сырт келбеті өзгергенімен, біздің интернет-басылымның мазмұны, ұстанған бағыты өзгермейді. Біз бұрынғыша ілім-білімді, жаңашылдықты насихаттаймыз. Біз ақыл-ойды бәрінен жоғары қоямыз. Адамзат бүгінге дейінгі бар жетістігіне ілім-білім, ақыл-ойдың арқасында жетті. Алдынан шыққан қиындықтарды да соның арқасында жеңіп отырды. Бұдан кейін де солай болатынына күмән жоқ.

Біз бір Құдайдан басқаның бәрінің растығына шәк келтіруге болатынын түсінуге шақырамыз. Ғылымның да, Құдайға берілген адамның да жолы – осы жол. Біз Құдайды да, оның адамзатқа жіберген кітаптарын да ақылмен тануға болады деп сенеміз.

Сол себепті біз ұлы ойшылдардың адам санасында төңкеріс жасаған, ақыл-ойды дамытқан еңбектері мен идеяларын насихаттаумен айналысамыз. Оларды қазақ тіліне барынша сапалы аударып, оқырманға ұсынамыз. Біз ірі философтардың идеяларын түсіндіретін мақалалар жазамыз. Бүгін мысалы, «Сократтың апологиясын» жаңадан аударып жарияладық. Ағылшын зерттеушісі Пол Стретерн ұлы ойшылдардың өмірі мен идеяларын барынша қарапайым тілмен түсіндіру мақсатында бірнеше кітапша жазған болатын. Біз оның Сократ туралы кітапшасын қазақ тілінде ұсынып отырмыз. Сонымен қатар жаңа дәуірдің алғашқы ойшылы Рене Декарттың философиялық толғаныстарын жариялауды бастаймыз. Және «Нұрмұра» ғылым саласындағы ең маңызды жаңалықтармен таныстырып отыратын болады.

Ұлтымыздан шыққан аса ірі ойшыл Абай айтқан ойлардың батыс философиясындағы негізгі идеялармен үндес екенін байқау қиын емес. Бүгінде әркім өзінің дұрыстығын Абай арқылы дәлелдегісі келетінін көріп жүрміз. Онда тұрған еш сөкеттік жоқ та болар. Бірақ олар Абайдың мешеулікке, ескілікке жау, жаңашылдықты жақтаушы болғанын мойындауы тиіс.

Біз дәстүршілдікке, яғни ескінің бәрі жақсы деген түсінікке, ырымшылдыққа, рушылдыққа, сыбайластыққа қарсымыз. Бұлармен күресу – ғылымның, ағартушылықтың міндеті. Бұлар жойылса, қоғам да надандықтан, қақтығыстардан, жоқшылықтан арылады. Ендеше біз де күш-жігерімізді осы кеселдермен күресуге арнаймыз.

Бізді жау көріп жүргендер бар екенін білеміз. Бірақ біз нақты адамдармен жауласпақ емеспіз. Біз қоғамға сіңген кеселдермен күресеміз, қазақты әр нәрсеге өз ақылымен баға беруге шақырамыз.

Біздің қоғамға келген өзгерістер, оның санаға әсерінен табысқа жету үшін ғасырлар бұрын жазылған фундаменталды еңбектермен таныс болу міндет емес деген түсінік қалыптасты. Бұл жаңсақ ұғым. Өйткені, адамды бүгінге деңгейге жеткізген – ақиқатқа, даналыққа деген құмарлық және сол ізденістер нәтижесінде туған идеялар. Ендеше адамзатты құтқарып қалатын да солар болмақ. Яғни, біздің қоғам, біздің адамдар кітапқа қайтадан оралады. Басқа жол жоқ. Бірақ қашан ораламыз? Мәселе осында. Біздің болашағымыз осыған байланысты.

«Нұрмұра» сайтымен достасыңыз, замандас. «Нұрмұра» – ілім-білімнің, ақыл-ойдың, жаңашылдықтың досы. Ендеше «Нұрмұра» арқылы ой әлеміне сапар шеге аласыз.



Редакция

3
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 24 қаңтар 2013, 17:31
Тегтер: www.nurmura.kz

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.