"Танысу" - Анкетасы!!!

"Танысу" - Анкетасы!!!
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет 

Хамидуллаева Жансая Төребекқызы 1995 жылы қаңтардың 15-ші жұлдызында, Қызылорда облысында дүние есігін ашқанмын!

2. Хоббиің не?

Би, ән тыңдау, фотошоппен сурет өңдеу т.б.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Менің негізі барғым келетін ел көп соның ішінде Корея, Италия.

4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)? 

Әрине адам болып келер едім. Адам бірден – бір ерекше тұлға ғой.

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

- Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

 Рас сөз еш уақытта жалған болмас;

- Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды (Абай Құнанбаев).

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есіңде ме?

Таааааааак, келесі сұрақ)))

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Айтсам танымайтын секілдісіздер)))

8.  Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир), неге ол адам?

Мен үшін кумир ата – анам!!!

9. Сүйікті спорт түрі?

Волейбол, жүгіру менің ең сүйікті спортым!

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

Мен негізі көп кино көре бермеймін.

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Әрине отағасы. Қашанда ер кісіні сыйлайтын қазақ қызымыз ғой не дегенмен!!!

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Нуууу, енді бұл жағын бізге қалдырған жөн шығар))).

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Бұл жағдайды дәл осындай сәт туғанда ойланармын!

14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?

Өмірде берілетін сынақтардан сүрінбей өту, қиындықтарға төзе білу. . . жалпы бұл жайлы айтсақ өте көп. Адам болып дүниеге келгеннің өзі бір бақыт қой!!!