жеке
блог

Құт дарып кие қонған Қаратөбем !!!

 

Сәлем достар! Кеше  ғана Жанат  аға бастаған   бұл  эстафетаның  таяғын  қағып  алып  ары  қарай  жалғастырмақпын! Оқып  көріңіздер!

1. Туған жеріңіз жайлы аздаған мағлұмат.

    Аудан орталығы Батыс  Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, 1928 жылы құрылған.Аудан  орталығы Қаратөбе  кентінде орналасқан.Аудан  орталығынаң Орал  қаласына  дейінгі  ара  қашықтық 260 км  шамасында. Ауданның аумағы 10 мың шаршы км тең. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс жағында орналасқан, оның негізін  Нарынқұм-Аққұм  шағылдары  құрайды, Орталық және оңтүстік бөлігі жалпы тегістік жерлер, солтүстік те тегіс, бірақ жекелеген ойпатты жерлер кездеседі. Аудан  орталығында 2 бала бақша, 2  мектеп,ойын сауық орталығы, 2 тойхана, кафелер  және  әлеуметтік, мемлекеттік  нысандар   бар! Халық  саны 20 мыңға  жуық! Негізгі шаруашылықтардың негізгі бағыты – мал шаруашылығы, атап айтқанда етті ірі қара, қой және жылқы шаруашылығы дамыған.

 2.Туған жеріңнің мақтаныштары

   Қаратөбе топырағында қазақтың халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мерәліұлы;

қазақтың алғашқы юрисі, демократ Бақытжан Қаратаев,

ғалым академиктер Қажым Жұмалиев, Тілеужанов Мәтжан, Рахымжан Елешев,

әнші-композиторлар Ғарифолла Құрманғалиев, Ескендір Хасанғалиев,

ақын-жазушылар Берқайыр Аманшин, Құрманғазы Қараманұлы туып өскен.

 3. Туған жерің жайлы өнер иелерінің туындылары. Өлең, ән, сурет.(егер болып жатса)

 Мұхитпен пен  Ғарифолла аталарымыздын  көптеген  елге  танымал  шығармалары   әндері, күйлері бар! Ескендір Хасанғалиевтің  «Атамекен»  әнің айтар  едім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Туған жерінің атауы бойыншы  аңыздармен бөлісе кетсеңіз:

 Қаратөбе атауын - мoңғолдармен болған жаугершілік  заманда аталған  елді мекен. Қаратөбе  атауы моңғол  тілінең  аударғанда "төбе-төбе"  деген  мағынаны  білдіреді. Өйткені аудан  алқабында төбешіктер мен  шағылдар  шоғыры   көптеп  кездеседі. Өзімнің  туған  жерім  Аққозы  ауылы  жайлы  айтатың  болсам ел  аузындағы  аңызға қарағанда : Аққозы – аудандағы көл және елді мекен. Атау Қобыланды батырдың қол бастаған батырларының бірі, Алаша тайпасының барамық руынан шыққан Аққозы батырдың құрметіне қойылған. Барамық руының бір бөлімінің ұраны да Аққозы батырдың атымен аталады. Қобыландының баласы Бөкенбай қалмақтардан көлді тартып алып, оны батырға сыйлаған екен. Осы көл Аққозы деп аталған. Аққозы туралы деректер бізге Қоржын ақын арқылы жетті. «Қобыланды батыр» жырының Қоржын жырлаған нұсқасында беріледі:

Қияқтан шыққан бес батыр,
Қарақозы, Аққозы –
Қатардан асқан қос батыр.
Жырда кездесетін Аққозы  батыр  құрметіне  аталған .

  5.Суреттер  галереясымен таныса  отырыңыздар:

Қысқы  Қаратөбенің  келбеті:

Қысқаша  осы! Көп  уақыттарынызды  алсам  айып  етпеніздер!!! Эстафета  таяғын Тентек  Қызға  ұстаттым!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда