Достар бас қосқанда...

     Бірге ойнап, бірге күлген.

    Жалындаған жас шағым.

    Талай қызық бірге өткізген,

     Қайдасыңдар достарым?!

     Кеше жұмыс уақыты біткен соң, достарымызбен көңіл көтеріп қайту үшін боулингке бардық. Жұмыстан шаршап шыққан бәрімізге бұл басқосу ауадай қажет еді. Төрт көзіміз түгел жиналып, ойын алаңына шықтық. Қыз баласы болғандықтан менің есімім тізімге бірніші болып енгізілді. Қолымдағы шарды таяқшаларға қарай бағыттадым. Өкінішке орай, алғашқы ойыным сәтсіз аяқталды. Ешқандай таяқша құламады. Қасымдағы достарым әзілдеп, менімен ойнап тұр. Осылайша кезек-кезек шар лақтырып, «очко» жинап, жанталасып жүрдік. Бірінші айналымда бас жүлде Асхат Садырбайға бұйырса, екінші орын Руслан Қанатбекұлының еншісінде болды. Мен 7 адамнын арасында 4-ші орынды иемдендім. Өкіншіті-ақ.

    Ал екінші айналымда «очкоға» қарауға уақыт жоқ. Бәріміз әртүрлі кейіпте суретке түсіп әлек болдық. Құдды бір ойын ойнауға емес, фотоссесия жасауға келгендейміз. Боулинг ойнай жүріп, өткен-кеткен қызықтарды айтып, біраз сергіп қалдық. Алдағы уақытта осылайша жиі бас қосып тұруға  бір ауыздан шешім қабылдап, мәз-мәйрам болып тарқастық.



Бөлісу: