ТАНЫСУ АНКЕТАСЫ)

ТАНЫСУ АНКЕТАСЫ)
жеке
блог

Миым ашып тұр ше. Әйтеуір бірнәрсе бастайын деп, ойыма осы келді. Массагеттің жаңа қолданушыларына арнайы Қазақтың Еркесінен! деееп қуып кетсе. Негізі өзім анкетаммен таныстырмағам бұл күнге дейін. Ал, пашып алыңыздар)

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет 

Смағұл Назерке Жаннарқызы. 1995тің 14 қаңтарында шыр етіп келгем. Туған жерім Жамбыл облысы, Талас ауданының Ойық деген аулы. 

 

2. Хоббиің не?

Кітап оқу, музыка тыңдап, сурет салу.

 

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

КОРЕЯ! Сосын Испанияға, сосын АҚШ-қа, сосын Ұлыбританияға, сосын сосын.... Негізі Қазақстанның түкпір-түкпірін араласам дим.)

 

4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)? 

Ымммм... адам боп келгеніме қуанам.

5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Тауға шыққан соң, құлап қалма!

 

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Қы қы) Айтсам да, танмайстар ғо)

7. кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Ана көшеде тұратын ана бала ше, ана кім апаның баласы ше? Өйй, айттым, танымайстар ғо бәрібір!

8.  Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Тыңдайтын әншілер көп қо. Актерлердан Ли Чжун Хек.

Саясаткерім Ерлан Қарин.

8. Сүйікті спорт түрі?

ФУТБОЛ! 

9. Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Өліп  тұрып көрген кином жоқ негізі ше)

10. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Папа. Негізі бір-біріне жол  сілтеп, бір-бірін толтырып отса жақсы емес па?

11. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Әркім өзінің тапқан табысын ұстағаны жөн менің ойым. Сосын ортақ бір конверт болса, оған ай сайын ақша салып тұрса, кейін ақшадан қысылғанда соны пайдаланады.))))

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Аха барам)))

14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?

Жаратқанның бұйрығы солай ғой. 

 

Эстафета таяғы немесе бұтағы Сара Сейтжановна мен Марина Аманжоловада! Ал, Ұлсара, эстафета таяғын бердім мен де!)))))))