жеке
блог

Менің Аягөзім

Салем достар! Бүгін сіздермен жаңа эстафета бастамақпын. "Туған жер" деген.

Эстафета сұрақтары:

1. Туған жеріңіз жайлы аздаған мағлұмат.

2.Туған жеріңнің мақтаныштары

3. Туған жерің жайлы өнер иелерінің туындылары. Өлең, ән, сурет.(егер болып жатса)

4. Туған жерінің атауы бойыншы  аңыздармен бөлісе кетсеңіз

5.Суреттер.

1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы. 40мыңға тарта халқы бар,8мектеп, 3 бала бақша,2мешіт, 2аурухана,10мейрамхана, 20ға тарта кафе, 5қонақ үй,1мәдениет үйі,1мпорт мектебі,1бокс мектебі бар (болашақта олимпиада жұджыздары шығып жатса таңқалмаңыз) және де көптеген сұлу қыздар бар)))

2. Аягөз ауданынан шыққан мақтанышпен айтатын азаматтар мен  азаматшалар көп.Өзім танитындарды айтайын Спорт саласында әәлем чемпионы Қыздарбеков Думан, әншілер Тұрсынғазы Рахимов, Тоқтар Серіков, Медет Салықов (Аламан тобындағы әнші),Қанат Жүнсіов, Ринат Зайытов және тағы басқалар.

3.Аягөзге арнап жазылған өлең бар М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынғазы Рахимовтың әні бар "Аягөз ару"

4. Ол жайлы мына жерде жазып кеткем.

5. Суреттер

Орталық алаңда алаңсыз сырғанақ теуіп жүрген Аягөздің балақайлары)

Аягөз  теміржол вокзалы

Автобекет

Абай саябағы

Менің ең алғаш еңбек жолымды бастаған ПЧ-42 конторы

Ауданның бас үйі, әкімшілік

Қозы Көрпеш -Баян сұлу ескерткіші, Жастар саябағы

Аудандық мәдениет үйі

(ең бірінші сурет: 2011жыл, Теміржолшылар мерекесі)

Эстафета таяғы Айконада.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі