Түсті жақсылыққа жоры

Түсіңді жақсылыққа жоры деп жатады ғой. Әрине жақсы болсын. Түстің неше түрін көрдік қой, жылан өлтірдік, биіктен құладық(Құдай сақтасын деп оянып кетіп) тағысы тағы. Есте қалатын керемет бір үш түсімді жазғанды жөн көрдім. Бәлкім сіздер көрдіңіздер. Түсті алдауға болмайды дейді мен турасын баяндайын, айтқанға қорықтым, бірақ сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Сіздерден өтініш тек жақсылыққа жорысаңыздар

     Бірде түсімде (әпкемнің үйінде екенмін) барша ғаламның егесі жаратушымыз Аллах тағаланы көріппін. Теріс қарады ма әлде қараңғыда тұрды ма, терезе тұсында тұр екен деймін. Маған арап тілінде бірнеше сөз айтыпты, түсінгенімше қайтала десе керек. Мен қайталап жатырмын, есімде қалғаны "Субхан Алла, Әшхаду әннә лә иллаха иллаллах" осы сөздерді айтып жатып оянып кеттім. Бір жағынан қорықтым, бір жағынан қатты қуандым (енді түсіңде анау мынау емес өзіңді жаратқан Алла кеп тұрса).

Араға бір екі ай салып тағы бір түс көрдім. Кіндік қаным тамған, топырағына аунаған, тәтті суына сусындаған ауылымдағы үйімде екенмін. Жер стөлінде отырмын, сол жағымда теледидар қосылып тұр, алдымда радио сайрап тұр. Стөлдің бір бұрышында (мен отырғанның оң жағында) анам қамыр жайып, бауырсақ пісіргеді жатыр екен деймін. Кенет радио да, теледидар да Меккедегі Имам азан шақырып жатқанын көрсетті, Құбылаға қараған имам "Аллаааааахуакпар"  деп жатыр екен. Кенет есік жақтан барша ел мәз мирам болып біздің үйге қуанып келе жатыр екен, дауыстарын естісем "Құдай келе жатыр, Алла келе жатыр"- дейді. Анам да мәз болып қуанып жатыр. Мен үйге кіре бергендені есікке қарасам, бір жел мені есікке қарата тартып жатыр екен. "Лә иллаха иллалах, мухамаду расул Аллах"-деп оянып кеттім. Тағы да қорқыныш, тағы қатту қуаныш.

  Тағы бір түсімде, бір жерде жүр екенмін(анығында қай жер екені беймәлім) кенет қасымнан бұлақтың сылдыры естілді, бұлақ көрсең көзін аш дейді ғой, дереу бұлақтың көзін кеңейтуді жөн көрдім, сөйтсем адам аяғының ізінен ағып жатыр екен. Тағы бір бұлақ аға бастады, оны да аштым ол да адамның ісі. Кенет желке тұсымнан (қоңыр жағымды дауыс) "Бұл пайғамбарымыз Мұхаммел с.ғ.с.- ның намаз оқыған жері"-деді. Қуанып ояндым.

Одан кейін араға тағы біраз уақыт салып, Ауылда атамның үйінде жүр екенмін.  Қос супер маз деуші едік қой, үлкен жүк көлігі толы жылқы тиеген елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы екен. Ақ костюм киген жылқыларды түсіріп жатыр екен, кенет маған бір  қолында тұрған ноқта, жүгендерді ұсынып "Жүр жылқыларды жүгендейік" деді. Қолынан ноқта алып, жылқыларды ұстап жатып оянып кеттім.

Міне мен көрген түстер осындай. Қанат Әлжаппаров айтпақшы: Түсімнің оформлениесі керемет. Жақсылыққа өзім жорыдым (оны айта алмаймын), Сіз де жақсылыққа жорыңыз.



Бөлісу: