Эстафета: Қызықты сұрақтар жауаптары

Эстафета: Қызықты сұрақтар жауаптары
жеке
блог

Көркем маған эстафета бұтағын ұсыныпты.. жо олай емес.. Көркем маған бұтақ ұсынды.. шо-ты нето.. Көркемнің ұсынған бұтағын қуанышпен ала отырып, ізгі христиан қарындасыма үлкен рахметімді айтқым келіп отыр. Адамдардың бар екеніңді, елейтінін һәм ескеретінін білудің өзі ғанибет емес па?!.. Ойланып көріңіздерші, бүкіл әлемде жалғыз өзің болсаң деп қуып кетсең да :) Жәә, сұрақтарға көшейік..

1. Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?

Өз өмірімде сонаау 1-ші сыныпқа баратын едім. Дәл сол күнге. Менің бір жатырынан қағынған бұзық досым болды. Бірінші сыныпты бітірер жылы көктемде соның үйінің жанынан өтіп бара жатқам. Қол бұлғап шақырды. Бардым. Барсам, шылым тартып тұр. 7-ақ жастамыз екеуміз де.. "Тартасың ба?",-деді. Бас тарту қорқақтық секілді көрінді сол уақытта. "Әкел",-дедім. Тарттым. Староста (сыныптас балалардың барлығының ғашығы) көріп қойып, мұғалімге, ол директорға айтып үлкеен жиналыс болған ауылдық дәрежедегі. Мектептен шығара жаздап, әзер қалғамыз. Егер уақыт машинасы болса, сол кезге баратын едім да "Беломорканал" шылымын емес, сәл шығындалып, фильтрлі, қымбаттау темекі тартып көретін едім. Жалпы, барлық алғаш істелетін нәрсе, сапалы болу керек деген ойдамын..

2. Ең жүйкеңізге тиетін не?

Адамдардың "шымкентшелеп кетті" деген сөзі..

3. Егер Джин келіп үш тілегіңді айт десе, қандай тілек айтар едіңіз?

1) Барлық жағдайы жасалған (сырасы фонтаннан атқылап тұратын) аралға алып барып таста

2) 12 000 хор қызы

3) Латынға келесі жылы-ақ көшу (Көркем ушівөл)

4. Сіз ұнатқан жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, тамақ жей аласыз ба, сол қасықпен?

Мен ұнатқан жұлдыз ба?!.. :) Ия, әлбетте. Ибо, оның аузы харам емес.

5. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

Палау. Неге? Ең сүйікті асымды неге елдерінің атына жапсырғанын көргім келеді (Увидеть Палау и умереть :)) 

6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?

Епті байымайды, бақты байиды

7. Жұлдыз жорамалға сенесіз ба?

Әлбетте. Мен - суқұйғышпын. Өз белгім өзіме ұнайды. Және Глобадан бастап барлық жұлдызшыларға да суқұйғыштар ұнайды екен байқағаным :)

8. Сен темекі шегіп тұрсың, артыңнан әкең келіп қалды да:

-Балам(қызым) мұның не?-деді. Не істер едің?

Оо, әке, хош келдің. Жаңа ғана сатып алдым, ауған жерінің ең үздік жапырақтарынан жасалған, гашиштің хош иісі бар шылымнан сүйікті балаңыздың қолын қайтармай тартжеріңіз.

9. Сізге таңдау келіп қалды: Туысқандарыңыз және Махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз ?

Туыстарымды сөзсіз. Қатын жолда, бала белде ұстанымының ярый поклоннигімін.

10. Сіз әншісіз. Концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

Іс әрекетімді білмеймін. Ең алғашқы сөзім: "о шеше", тұрып бара жатып "аа шешее" дерім һақ.

Жаконың сұрағы:  Сенің айтқаныңды түсінбей, дүйім жұртың алдында сенің қылығынды мәдениетсіздік деп таныса не істер едің?

Әрине мәдениетті, ибалы, махабатқа деген адал, ақ көңілді, пәк сезімді, өз репутациясына сызат түсіргісі келмейтін адам ретінде "Түкіргенім бар" деп теріс бұрылып кетіп қалатын едім..

Көркемнің сұрағы: "Аяқ астынан бір ғана сәтке періштенің қанатындай қанат пайда бола кетсе, ілезде кімнің қасына ұшып бауға тырысар ең?" 

Канадаға кетер ем, янкилерді көру бір арман болып жүр соңғы кезде..

Менің сұрағым: "Егер жағдайды өзгерте алмасаң, жағдайға бейімдел" ұстанымын ұстануға қалай қарайсың?

Эстафета бұтағы Ұлсара Елубаевада