Сәлеметсіздерме массагеттіктер!!!

Сәлеметсіздерме массагеттіктер!!!
жеке
блог

                  Сәлеметсіздерме құрметті массагеттіктер!!!

    Мен www.massaget.kz сайтына енді ғана тіркелдім.  Алдымен өзімді сіздерге қысқаша болса да таныстырып кеткенім жөн болар деп ойлаймын. 

    Мен Айдарбекова Индира 22.04.1996жылы дүниеге келдім.Үйде жалғыз қызбын. Анамның кішкентай еркесі де, үйдің үлкені де менмін.Қазіргі таңда 2004жылдан бері қарай Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында аяулы анаммен бірге тұрамын. Шарайлы шым қаламызға көрік беріп тұрған, қаланың орталығында орналасқан киелі қара шаңырақ-№7.Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектеп-лицейінде бітіруші 11сыныпты оқып жатырмын. Бос уақытымда ақын-жазушылардың өлең кітаптарын оқығанды жаным сүйеді. Өзіме үлгі етіп алатын ақыным ақиық ақын-Мұқағали Мақатаев.Өзім шығармашылықпен айналысамын. Болашақта журналист болсам деген арманым бар. Мен әлі сіздерді өзімнің мақала, шығарма, өлеңдеріммен қуантатын боламын деп сенемін. Күнде-күнде жазатын едім, ҰБТ-ке дайындалуым керек. Жан-жақтама үлгере алмай жатырмын.

     Қысқаша өзім жайлы жаздым. енді тіркеліп отырғандықтан қате кеткен жерім болса кешірім сұраймын түсінесіздер деп ойлаймын. Енді менен тағы да жаңалықтар күтіңіздер.

      Мен әзірге сіздермен сөйлеспесемде, массагетке тіркеліп, сіздермен ой бөліскеніме өте-өте қуаныштымын.

                                         РАҚМЕТ!!!