Жаңа дуэт!!!

Жаңа дуэт!!!
жеке
блог

Жаңа құраммен жасақталған До-мажор тобының шығармашылықтарында бүгінде қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Самат, Роман, Саламат есімді жігіттермен бірге жұмыс істеуді қолға алған Сакен Майғазиев топтың қоржынын сапалы әндермен толықтыруда. Сондай-ақ,  Қ. Жүнісовтің сөзіне жазылған Қ. Баекеновтың “Қайран күндер-ай” әнін бірге жаздырып, жаңа жылда жаңаша бағыттағы әндерін тыңдармандарға ұсынды. Аталмыш әнге жігіттер бейнебаян түсіруді бастап та жіберіпті. Бейнебаянды алдағы уақытта отандық телеарналардан міндетті түрде көретін боласыздар.