Қазақтың қара домбырасының бүгінде жай-күйі қандай?

Қазақтың қара домбырасының бүгінде жай-күйі қандай?
жеке
блог

Қазақтың қара домбырасының жай күйі бүгінде қандай?

Әр түрлі ою-өрнектермен әрлеп, заманға сай болып жасалуы ұлттық аспапты қорлау емес пе?

Электродомбыра қоңыр үнді қара домбыраның орнын баса ма?

Осы және басқа да сұрақтардың жауабын сенбі, 19 қайтар күні "СТВ" арнасынан сағат 19:30-да болатын "Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасынан ала аласыздар.

Бағдарламаның басты кейіпкерлері домбырашы Андрей Фендриков, өнертанушы Мұрат Әбуғазы, шебер Жолаушы Тұрдығұлов, электродомбыра авторы Нұржан Тойшы өз ойларын ортаға салып, салмақты пікірлерімен бөліседі. Сондай-ақ, бағдарламада Ербол Әбен, "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі, Мұрагер Сауранбаев, "Алдаспан" мен "Тарту" топтары көрініс табады. Ал Андрей Фендриков қазақтың қара домбырасында қолына алып, гитара аспабында шебер ойнайтын Ербол Әбенмен бірге қазақ күйлерін шертетін болады.

Бағдарлама жүргізушісі: Қазына Әбдіғапбар

Продюсер: Ғазиза Ұзақ

Операторлар: Қайрат Зиябеков, Юрий Проводин, Максим Шулепов, Сергей Ковтун

Режиссер: Еділ Шыңғыс