Асық ойнаған озар...

Асық ойнаған озар...
жеке
блог

Жазайыншы! Журналистер мен продюсерлер назарына! Асық ойынын насихаттауға байланысты бір бағдарлама болса деймін. Мәселен екі топ болады. Асық ойнаудың түрлі ережесі бар емес пе?! Сол түрлерін кезең-кезеңге бөліп тастасақ. Екінші айналымға топтардан белгілі адамдар ғана өтсе(1 айналымда көзге түскендері). Екінші айналым асық ойынының сәл қиындау түрімен өрбісе. Мәселен "6 қадам", "шеңбер ішінен ұру", "салыс ойыны" сияқты түрлері бар. Соларды (тур-турға) бөліп тастасақ жақсы. Ойын қызық болу үшін әппәй-жәппәй(ортадағы асықты талап алу) да болса деймін. Алып қосып, пісіріп бір қызықты бағдарлама қылып шығарсақ. Әрине мақсат белгілі. Ұлттық ойын насихатталады, ой-сана жүйріктенеді. Жастарды шетелдің ойынына емес өз ойынымызға қызықтыра алар едік. Жасыратыны жоқ "Асық" ойнаушылар азайып барады! Қаласаңыз арасына "Ләңгі" ойынын қосыңыз, бағдарламаға тұздық болсын. Меніңше көрерменге қызық. Ұлттық болмысымызға жат бағдарламаларды шетелден көшіре бергеннен ештеңе ұтпасымыз хақ.