Қызықты сұрақтар жауаптары (эстафета)

Қызықты сұрақтар жауаптары (эстафета)
жеке
блог

Эстафетаның ережесі: Жалғастыратын әр адам 1 ситуациялық сұрақтан қосып отыру керек. Және осы 10 сұраққа міндетті түрде жауап беру керек! (с)

Негізі мен ғажайыптарға сенбеймін, бірақ орындалатынына сенемін.  Эстафета сұрақтары:

1. Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?

Шыны керек, ештеңені түзеудің қажеті жоқ. Жағымсыз жағдайларымды түзер болсам өмірден сабақ ала алмаған болар едім. 

Ары да ойлап, бері де ойлап кері қайтатын ойым мүлде жоқ сияқты, дұрысы алдағы өмірде қателеспеуімді жазсын Алла.

2. Ең жүйкеңізге тиетін не?

Ұйқысыздық! Сонооу оразада  сәресіге дейін ұйықтамай өткеріп ем, сол әдет болып қалды. Әлі күнге түнгі 3-4.ке дейін, кейде таң ағарғанша көздерім жұмылмайды. 

3. Егер Джин келіп үш тілегіңді айт десе, қандай тілек айтар едіңіз?

1) Ата-анамның ұзақ ғұмыр кешенін тілер едім.

2) Әлемдегі барша адамзаттың денсаулықтары мықты, бақытты, берекелі, үбірлі-шүбірлі, иманды болуын тілер едім.

3) Қазақстанның кириллицадан латын әліпбиіне көшпей-ақ қоюуын тілер ем.

4. Сіз ұнатқан жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, тамақ жей аласыз ба, сол қасықпен?

Мен ұнатқан жұлдыз?  О ноу! Ұнатқан жұлдызым жоқ екен))) Алла басқа салса жұлдызы кім, басқасы кім мән беруден қалар ем.

5. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

Қазақстанға! Шымкент пен Астанадан басқа  қалаларды әлі көргем жоқ. 

Барзилия астанасы Рио-де-Жанейро)))

Япония астанасы Токио )))

6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?

"Ең" демей-ақ қояйын, көп. Соның бірі:

Нағыз дос - сенің кемшіліктерің мен қателіктеріңді бетіңе айтып, ал сыртқа сенің әлемдегі ең керемет жан екеніңді паш етуші. (с) 

7. Жұлдыз жорамалға сенесіз ба?

Тек жақсы айтылғандарына ғана сенемін. Егер жаман айтса "Оттапты!" деймін )))

8. Сен темекі шегіп тұрсың, артыңнан әкең келіп қалды да:

-Балам(қызым) мұның не?-деді. Не істер едің?

Негізі темекі шекпеуші едім. Егер шынымен солай бола қалса екі сағат лекция тыңдауыма тура келеді.

9. Сізге таңдау келіп қалды: Туысқандарыңыз және Махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз ?

Туысқан демекші, отбасы мүшелері, бауырларым болса махаббат қалады. Ал кәдімгі отбасы мүшесіне кірмейтін туысқандарды айтса махаббатты таңдар ем.

10. Сіз әншісіз. Концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

Рас, дауысым жоқ болса да әнші болуды армандағанмын))) Сахнада ма, ооууу)) несі бар қайта тұра саламын, қиын емес қой.

Жаконың сұрағы:  Сенің айтқаныңды түсінбей, дүйім жұртың алдында сенің қылығынды мәдениетсіздікк деп таныса не істер едің?

Сұсты түріммен үнсіз қаламын.

Менің сұрағым: "Аяқ астынан бір ғана сәтке періштенің қанатындай қанат пайда бола кетсе, ілезде кімнің қасына ұшып бауға тырысар ең?" 

Эстафетаны Данияр Аланға ляхтырам, алсаң ал алмасаң қой! ))