Қызықты сұрақтарға қыртымбақай жауаптар

Қызықты сұрақтарға қыртымбақай жауаптар
жеке
блог

Қалдарың қалай жып-жылы массагеттіктерім, Массагеттің жылылығын сезіне алмай сыртан қарап тұрғандар қалайсыңдар, босағадан сығаламай төрлетсеңдерші. Эстафета беріп жіберіпті Салтанат әпше, соны жалғастырып, Көркем апшеге лақтырып жіберейін, пәлесі өзімен кетсін деп)))

1. Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзетер едіңіз?

Екінші курста таяқ жегем, бір қыздың ағасынан, қызды жақсы көргендіктен ағасын сыйлап есемді жіберіп едім, ол қызға қосылмадым, сол кезде кеткен есемнің орнын толтырып, ағасын ұрар едім)))))))))))))

2. Жүйкеңізге ең тиетіні не?

      Тәтті ұйқыда жатқанда безілдейтін оятқыштың даусы

3. "Алладан ең бастысы не сұрайсың?" деп Массагет ауылының жанындағы көлдің жағасында бөтелкеден Жын шыға келіп  үш тілегімді сұраса былай дер едім:

1)Негізі ол жын қай тілд тілді түсінетін білмеймін, сол себепті әр тілде жазыр берер едім ең бірінші қазақ тілнде «Ахметкаримұлы Жұмағалимен кездестірсе», екінші осы эстафетаны бастаған Lee Yo деMaның тілінде яғни корейше 저 Zhu 마 갈리 Ahmetkarimuly를 만나 보자жазар едім,бір кездері арапша жазып жүрген қолданушының бұрынғы молда сымақтың жазуымен жазайын اسمحوا لي أن يجتمع مع تشو مجلي, ағылшынша түсініп қалар мүмкін Let meet with Zhumagali Ahmetkarimuly,  Аспан асты еліне оқуға кеткен Сания Қуанқызының қазіргі сөйлеп жүрген тіліменде көрейік 讓我滿足與瑪格麗朱, Алты градус білім алып жатқан елдің тілінде жазып көрейік ジュマガリ アフメットカリムと会えますように,  Дениздерше сайрап көрейін  Zhumagali Ahmetkarimulyila goruseша  bilseydim және Қазнетті дамытуда үлесін қосып жүрген қыздардың күлкісіне салып жазсам қалай екен Ахыхыметкаримуахааұлы Жбұқақамағалхихимен кездестірсехххх

      2) Айтылған және айтылатын тілектерге қосыламын.

      3) Айтылған тілектерге қосыламын.

4. Сіз ұнататын жұлдыз тамақ жеген қасығын жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жейсіз бе?

      Суретке түсіріп алып, фейсбукке, массагетке пост етіп жазамын, маған қасығын берді деп)))

5. Қалаған үш елге тегін қыдырып келу мүмкіндігі болса, қай елдерге барар едіңіз?

      1) Нағашы жұртымнің еліне барып қырық серкемді айдап қайтамын

  2) Қайын жұртымның еліне келіп, қалың малымды төлеп, сүйгенімді алып қайтамын

  3) Өз жұртымның еліне келіндерімен таныстырамын

6. Афоризм:

Ол не ?      

7. Жұлдыз-жорамалға сенесіз бе?

      Енді ше, әсіресі апасының апасынан дарыған қасиеті бар жұлдыз жорамалшы Мадленге сенемін

8. Сен темекі шегіп тұрсың, артыңнан әкең келіп қалды да:

    Балам(қызым), мұның не?- деді. Не істер едіңіз?

      - дүкендердің бәрінде менің темекім бітіп қалыпты, сіз қандай шегуші едіңіз

9. Сізге таңдау келіп қалды: Туысқандар немесе Махаббат. Кімді таңдайсыз?

      О, махаббат сегіз әріп, бір арман, туысқандардан емес, екі жастың көз жасынан құралған

10. Сіз әншісіз! Концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

      Мен құйымшақ жеп өскен шыбжық , секіріп орнында тұрмайтын құрты бар деп ойладың ба, келсін келмесін билей беретін Қайрат Нүртас қой деп пе едің құлайтын, отырып ап домбырамды дыңыылтада беремін.

 

11. "Где у женщины волосы самые кудрявые?"

      Үйленгендер ғана көретін жерде.

12. Сүйіктіңіздің үйіне қонаққа бардыңыз, шалбарыңыз немесе көйлегіңіз байқаусызда бырт етіп айырылып кетті. Сіздің әрекетіңіз?

Қытайдың киімін алсаң осы

13. әлсіздігін жан баласына көрсетпейтін тәкаппарлау досыңыз сізге егіліп жылап мұңын шағып отыр, кенеттен сіздің ойыңызға басқа бір қызықты жағдай түсіп кетіп, өзіңізді тоқтата алмай қарқылдап күліп жібердіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

Кәне, досым менің әрекетімді қайталап, папугайланшы

 

 Менің сұрағым:  Сенің айтқаныңды түсінбей, дүйім жұртың алдында сенің қылығынды мәдениетсіздікк деп таныса не істер едің