Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алты адамды әкелсең, айға ұшасың

Алты адамды әкелсең, айға ұшасың

Алты адамды әкелсең, айға ұшасың

Тақырыбымды оқып, "мынаусы несі?!" деп, таңырқап отырсыздар ма?! Ендеше, айтайын.

Кешегі күн

Кеше телефоным шыр ете қалды. Қарасам бейтаныс нөмер. Тұтқаны көтердім.

- Алло?!

- Алло, Ғазиза!

- Иә

- Мен Бәленбаева Бәлен Пәленше Компани деген компаниядан хабарласып тұрмын. Маған сіздің телефонды Пәленшиева Пәленше деген танысыңыз берген

- Содан ????

- Үйіңізге келіп, кілемдеріңізді компаниямыз ұсынып отырған жаңа шаңсорғышпен тазалап беріп кетейік деп едік. Совершенно бесплатно. Сізден тек келетін уақытымыз бен ағайын-туыс, жора-жолдастарыңыздың нөмері керек.

- Көп рахмет, бірақ мен сіздердің қызметтеріңізді қажет етпеймін

- Неге?

- Сол, керек емес деген соң, керек жоқ. Көп рахмет! Жақсы, сау болыңыз!

Осылай тұтқаны қоя салдым. Өткенде осылай үйдің нөмеріне хабарласып, "келіп, тазалап берейік" деп жыныма тигені бар. Содан кешегі әңгімеден соң, араға 1,5-2 сағат салып, басқа нөмерден тағы біреу хабарласты, осы жолы жас жігіт. Ол да "Пәленше Түгенше едім, Бәлен-шален деген компаниядамын, үйіңді тазалайын" дейді. Жөнімді айтып, келісімімді бермедім. Бір кезде "Түүйййй, тәте, не болды соншама?! Келеміз де тазалаймыз" дейді бұлқан-талқан болып. Менің үйіме келгені бір міндет іспетті. "Қарғам, мен тәте емеспін, біріншіден. Екіншіден, сау бол! Үйім тап-таза. Мазамды тағы алсаңыз, быт-шытыңызды шығарамын" дедім. 

Осыдан 2 ай бұрын

"Здравствуйте! Я Такая та такая" деп біреу хабарласты. Ол ресейлік косметика шығаратын, сататын компания екен. Алматылықтар біліп жүрсін, олардың мекен-жайы Желтоқсан-Төле би. Хабарласып, сізге тегін косметологиялық процедура сыйлаймыз деп шақырады. Барасың, содан бетіңе маска жасап, өз тауарларын саған ұсынады. Сосын "байып кеткің келе ме? айға ұшқың келе ме? күнді жақыннан көресің бе? олай болса, өзің кір де, соңыңнан алты я одан көп адамды ерте кел" деп сетевой маркетингке шақырады. Қоштасқанда 15 танысыңның нөмерін таста дейді. Содан не керек, сол 15-тің ішіне телефон нөмерің кіріп кетіп, сенің алдағы күндерде мазаңды алады. Осымен бұл компаниядан хабарласқан Такая та такая деген үшінші я төртінші адам.


Осы күнге дейін

Желілік маркетингке мені осымен қанша рет шақырғанын айта алмаймын. Өте көп. Бір партада отырған құрбы қыздар, бір үйде тұрған көршілер, автобуста кетіп бара жатқан жолсеріктер тсс. Менің ұқпайтыным, біздің қоғамға қашан ес, ақыл кіреді?! Желілік маркетингтік түк пайдасы жоқ екенін қашан ұғады екен? Қашан бұл салада сауаттылық танытып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін түсінеді?

Өз басым, осы уақытқа дейін осы салада жүріп, қырып ақша тауып, айға ұшқанды көрмедім. Көрсем, көзім шықсын, ендеше.

14
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 17 қаңтар 2013, 18:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.