МАССАГЕТ!

МАССАГЕТ!
жеке
блог

МАССАГЕТ!!!

Шыдамды, шаршамайтын, шимайды шалт шешетін, шаңырағы шыңдай шымыр, шыншыл, шапағатын шашатын Массагетім!

Көркем, керемет, көпшіл, көңілі кең, көпті көрген, көпшілікке кеңінен көрінген, көңілді Массагетім!

Мәңгі мол мүмкіндікті, мәнді, мерейлі, мықты, мақсатты, мағыналы Массагетім менің!


Біріңғай барлық бағытты бағдарлайтын, барлығын бауырына басатын, бәрін бағалай білетін, білмейтініңді білдіретін Массагетім!

Әрқашан, әркез, әрдайым әрленіп, әуелейтін, әсерлі, әдемі Мссагетім!

Сәулесін себетін, сұлу, сөздерімен , суреттерімен сараптайтын, сиқырлы, сәнді Массагетім!

Асқақты, аяулы, арман, ардақты, асулардан асатын Массагетім!


Парасатты, пәк, пайдалы пихаббатым Массагетім!)

Ешқашан, ешбір ескірмейтін, еңсесі (биік) Массагетім!

Жарқырап жүретін, жалындайтын, жасайтын, жаңалық жаршысы, жақұттар жыршысы, жеңілмейтін, жұртқа жағатын, жақсы жақпен жүретін, жаңылмайтын, ЖАНСАЯ жақсы (көретін) МАССАГЕТІМ!


Табысты, таңдаулы, тәрбиелік тәлімі терең, таудай талапты, тереңіне (үңілсек мол қазыналы) Массагетім!