Қызықты сұрақтарға жауап (эстафета)

Қызықты сұрақтарға жауап (эстафета)
жеке
блог

Ал, рахмет, Чи Пу Ха, ой, кешір, Во чу щу, мля қалай еді, қойшы, короче, бауырым. Қызықты эстафета бастапсың. Мен мұндай сұрақтарға жауап бергенді ұнатамын. Бірақ қаншалықты қызықты етіп жауап беретініме жауап бере алмаймын J Қыхыхы...

Ал кеттік...

1.Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?

Уақыт машинасы болса жол апатына ұшырап қаза тапқан ағамды құтқарып алар едім. Қиялым ғой енді, кешіріңіз...

2.Ең жүйкеңізге тиетін не?

Жүйкеме тиетіні ақшаның өмірі жетпейтіні! Бірақ мен жеткіземін, көресің!

3.Егер Джин келіп үш тілегіңді айт десе, қандай тілек айтар едіңіз?

Мен бірінші – орыс және ағылшын тілдерінде судай сөйлейтін болсам...

Екінші – 19 мың доллар...

Үшінші – өзім сүйген адам қасымда болса...

4.Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, тамақ жей аласыз ба, сол қасықпен?

Кетч бзл! Общагада тіпті жеккөретін адамның қасығымен жеп көрдік қо тамақты J

5. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

Греция, АҚШ, Ресей...

6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?

Өткен бір жазбамда жазғанмын: «Әр сәтсіздігіңді мүмкіндікке айналдыр...»

7. Жұлдыз жорамалға сенесіз ба?

Сенбеймін, бірақ қызығып оқимын J

8. Сен темекі шегіп тұрсың, артыңнан әкең келіп қалды да:

-Балам(қызым) мұның не?-деді. Не істер едің?

Тәк! Келесі сұрақ...

9. Сізге таңдау келіп қалды: Туысқандарыңыз және Махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз ?

Махаббатымды, әрине!

10. Сіз әншісіз. Концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

Жылап, екі бетімді басып, сахнадан жүгіріп шығып кететін едім, елдің соткасына жазылған видео интернетке кетеді. Сосын мен танымал боламын! Хехехе!

Менің сұрағым: «Где у женщин волосы самые кудрявые?» (не ойлап қалдың?! Ұятсыз!)