"Ғашығына бақыт тілеу"

"Ғашығына бақыт тілеу"
жеке
блог

"Ғашығына бақыт тілеу үшін үлкен жүрек керек" деген жазуды оқыған едім бір жерден. Ол үшін онша үлкен жүректің керегі жоқ. Жай ғана адамгершілік қажет. Бұл мағынасындағы адамгершілік барлық адамдарда да болады. Жоғалтып алған Махаббатының қайда жүрсе де бақытты болғанына кім қуанбайды. Кім менен гөрі оны бақытты ете көрсін деп ойламайды...Өкініші өзекті өртейді, әрине. Алайда "жақсының бәрі менікі болсын" деген ой - тоғышарлық. Жалпы махаббат - адамды өзгертуші сезім. Ғашық болып көргендер мойындайтын шығар, ол өте көп өзгертеді. Ол - "есалаңдық" пен "есуастық".Маған осыны пайдаланып, өзіне ғашық адамды мазақ етіп, содан өзінше рахат алып жүретіндер ұнамайды...

"Мен саған ғашық емеспін бе, сен неге қарамайсың!" деп өзінің сезімін бұлдап, міндетситіндер ұнамайды.

"Кезінде маған қарамап еді, енді жүрісін қара" деп табалайтындар ұнамайды.

Өзіне қарамаған адамға ашуланып, енді одан түрлі жолдармен өш алуға шығатындар ұнамайды...

"Сен - менікісің" деп, ғашығын өзінің жеке меншік мүлкіндей санайтындар ұнамайды.

Сенімсіздік пен күдікке бой алдырып, сүйіктісінің басқан ізін, жүрген-тұрғанын аңдитындар ұнамайды.

Көп нәрселер ұнамайды. Міне, ойдан шығарылған махаббат деген осы, бұндай қылықтар кездессе, онда махаббаттың әу баста мүлде болмағаны. Тек бойындағы көрсеқызарлықты махаббат екен деп түсінгені...