ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗЕР ЖОБА!

ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗЕР ЖОБА!
жеке
блог

«Фобия» - ел назарын елең еткізіп, жүректі үреймен шым еткізер жоба. Аты айтып тұрғандай,  «фобия» («қорқыныш» мағынасындағы гректің сөзі) жобаға қатысушылардан біраз батылдықты талап етеді. Өйткені, сайыскерлер нақты нендей жағдаяттардың, қандай тапсырмалардың күтіп тұрғанынан бейхабар. Тіпті, қаншалықты қорқынышты, күрделі екендігін де болжау мүмкін емес. Берілген тапсырмаларды орындау үшін оларға жүректілік, ішкі дайындық керек. 
Қоңыз, шаянды жейтін жүректілерді, тышқан ұстап, өрмекшінің торымен арпалысқандар мен төбесінен жауған шегірткелерге де шыдас берген жандардың қобалжулы түрлерін, олардың қорқынышты сәттегі сезімдерімен күресін көре отырып, өзіңіздің де бойыңызды үрейлі сезім билей ала жөнеледі. Ал тапсырманы талапқа сай орындай алмаған қатысушылар кезегімен жобадан шығып отырады. Жоба соңында қараңғы қапастағы қорқынышты сезімін жеңе алған бір ғана жеңімпаз шетелге жолдама алады. 
Танымал жандардың үреймен арпалысқан сәттеріне куә болғыңыз келсе, «Фобия» бағдарламасын жіберіп алмаңыз!


Эфир уақыты: жұма, сағат 21:40-та, қайталауы  сенбі, сағат 19:00-де
Жүргізуші – Илхам Ибрагим
Продюсер – Толқын Сейдоллақызы http://www.youtube.com/watch?v=hGHI7HBEMCA

 

Жобаға қатысушылар көпшілікке мәлім өнер майталмандары. Әншілер - Жанар Айжанова, Меруерт Түсіпбаева, Інжу, Гүлхан Сіргебаев, Дәулет Болатбаев, Ербол Шәріпов, Өмірқұл Айниязов, Жігер Ауыпбаев. Кино және театр әртістері - Шынар Жанысбекова, Дәстен Шәкіров, Жасұлан Базарбаев, Бақыт Тушаев. Тележүргізуші - Тахир Сұлтан.