ТУҒАН КҮНІҢМЕН, ЕРКЕМ!!!

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, ЕРКЕМ!!!
жеке
блог

Бүгін Массагеттің белсенділерінің бірі, менің сіңлім Назеркенің туған күні. Еркем, 18 жасқа толған туған күнің құтты болсын!

Өмірдегі бар жақсылық атаулының бәрі сенің бойыңнан табылсын! Ең бастысы мықты денсаулық, қажымас қайрат, талмас талап тілеймін! Аспаның әрдайым ашық болып, жұлдыздарың биікте жарқырасын! Папа мен маманың (және біздің)) үмітін ақтап, биік белестерден көріне бер!

Өрқашан бақыттың базарында, Алланың назарында бол!

Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерінен таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, алға қойған арман-мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін, жаным! Ортамызда жарқылдап, жайнап жүре бергін! Ізгі ниетпен: әпкең Айкерім!