Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сіз оған ұнамайсыз, егер...

Сіз оған ұнамайсыз, егер...

Сіз оған ұнамайсыз, егер...

Бірнеше жылдар бойы танымал әйелдер журналында нәпақасын тауып жүрген Грег Брендт көптеген қыз-келіншектермен жұмыстас болады. Өзінің әріптесі Лиз Тучиллоның махаббат майданындағы кезекті оқиғасынан кейін ол оған: «Лиз, қоя берші, сен ол жігітке ұнамайсың!» деп қойып қалады. Грегтің айтуынша, егер жігіт қызды ұнатып тұрса ол ештеңеге қарамастан оны қаратуға барын салады. Осы тұрғыда ол Лиздің әйелдер оқиғасынан және өзінің берген жауаптарынан «Сіз оған ұнамайсыз» деген кітап-нұсқаулық шығарады. Айтпақшы, бұл кітаптың желісімен "Обещать - не значит жениться" деген фильм түсірілген. Сонымен, Грегтің тұжырымы бойынша сіз оған онша ұнамайсыз, егер...

  1. Сізді кездесуге шақырмай жүрген болса (жігіттер қалағанына қол жеткізгенді ұнатады. «Әлемді еркектер билейді!» деп жиі айтасыздар, тап сол билегіш еркектер сізге телефон соғып, кездесуге шақыра алмайды деп ойлайсыз ба?)
  2. Сізге телефон соқпай жүрген болса (қолы бос емес шығар, жұмысы көп деген сылтауларды құрап алмаңыз, қалаған адам қоңырау шалу үшін 1 минут та таба алады)
  3. Басқа қызбен қарым-қатынас құрып жүріп, сізге онымен жай жүрмін деген сылтаулар айтатын болса (егер шынымен сізді жақсы көрген болса, ештеңеге қарамай тек сізді ғана жақсы көретін еді)
  4. Ішіп алғанда ғана сізді есіне алып, көргісі келетін болса (ішіп алған адамның өзіне де, сөзіне де сене беруге болмайды. Әлбетте, ол сондай мықты болса жақсы көргенін сау кезінде айтып, сізді қуантып қояр еді ғой)
  5. Сізге үйленуге ұсыныс жасамай жүрген болса (жігіттер шешім қабылдауға қорқады, өздеріне сенімсіз дегенмен, сүйгені үшін мұндай құрбандыққа барар еді. Өйткені оған сүйгенінің арманы, қалауы маңызды.)

Бұдан кейін, әлбетте, ойда жүрген жігіттердің бәрін сызып тастап, енді не істеу керек деген сұрақ туындайды. Грег бұл сұраққа да жауап табады, «Өзіңізге лайық адамның бар екеніне, сізді құрметтеп, аялап, сүйетін адамның бар екеніне сеніңіз. Сіз сыйластыққа, сүйікті болуға әбден лайықсыз!» дейді. Бұл жолдары әрине сенім ұялатады.

Бірақ деймін де, мысалы, қыздар жігіттерге бірінші қадам жасауға батылдары жете бермейді. Ол көңілімді қайтарса, қыздық намысым жерге тапталады ғой деп ойлайтындар аз емес. Мұндай ойлар жігіттердің де батылдығына септігін тигізбейді ме екен? Шынымен, жігіттер шын қалаған кезде ештеңеге қарамай, тау қопаруға – қыздың жүрегін жаулауға бәрін істейсіңдер ме?

0
Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 14 қаңтар 2013, 13:09
Тегтер: жігіттер мен қыздар, қарым-қатынас, жігіт пен қыздың қарым қатынасы, мен оған ұнаймын ба, ол маған қарамайды, телефон соқпайды, кездесуге шақырмайды, не істеймін

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.