жеке
блог

Сабақты ине сәтімен

Кеше жақсы араласып, сырласып, "әпке" дейтін бір таныс кісі кішкентай сіңлісінің әңгімесін айтып бір күлдірткен. Төрт жасар тәп-тәтті Айша деген қыз сондай пысық, жасына қарамастан алғыр. Бір-бірімізді бір көргеннен жақсы дос болып алдық. Мені "әйбәт тәте" деп кетті. Сол бүлдіршін бір күні шешесіне: "Мама, мен күйеуге шығамын" деген екен. Аң-таң болған шешесі: "Сен әлі кішкентайсың, әлі садикке бару керексің, мектеп бар, сабаққа барасың, оқисың" десе, "Оооййй, мам, я еще успею" деп шешесінен бастап, барлығын шалқасынан құлатыпты. Кеше әпкем маған айтқанда, мен де ішім түйілгенше күліп алдым)))

Кейін бақсам, Айшаның айтқаны рас екен. "Еще успею" деп мінеки, мектепті де, университетті де артқа тастадық. Амандық болса, екінші дипломым қолыма тиеді. Еңбекке ерте араласқан мен бір емес, бірнеше мекемеде қызмет атқарып үлгердім. Қазіргі қызметіме де үлкен талпыныспен жеттім. Барлығына шүкір! Әр атқан таң арайымен бірге төккен табысы мен шаттығына мың алыс! Аяқ-қолым сау, ақыл-есім дұрыс, ой-санам түзу болғанына жаратқанға тәубе деймін. 

Бірақ, кейде маған уақыт жейтпейтін сияқты көрінеді. "Үлгере алмай қаламын" деп қорқамын. Тыпыр-тыпыр жүгіріп, барлығын лезде бітіріп тастауды жаным сүйеді. Кейде жақындарым: "Қайда асығасың? Тынышталшы" деп жатады. Сосын өзім ойланып қаламын. "Расында да ертең өлетіндей не болды соншама?" деп өз-өзіме таң қаламын. "Әр нәрсенің өз уақыты бар" дегендей, не ерте емес, не кеш емес, барлығы өз уақытымен келеді екен. Ең бастысы, уақыттан озбай, ешқайда да асықпау керек екен

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

ДАЯШЫ ҚЫЗ
ДАЯШЫ ҚЫЗ
Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?