Көңіл күнделігі. 13-ші жазба.

Көңіл күнделігі. 13-ші жазба.
жеке
блог

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап.

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап. Абай

Жанаттың, «трольдардың атакасынан сақтасын, анти... дің әңгімесіне мән бермей, ары қарай жылжып дами берсін» деген батагөй тілегі біраз ойға жетелеп әкетті. Шерханның, «Таяқ лақтырсаң академикке тиеді», - деген сөзі бар еді ғой. Мен мұны, кешегі және бүгінгі күннің «академигі» Мырқымбайға қатысты ма деп отырмын. Егер, Мырқымбай Қыртымбайұлына қатысты болса – кәсіби маман ретінде дұрыс бағыт, дұрыс жөн сілтегені үшін даусымды Мықаңа беремін. Амал не, тәп-тәуір әнді пұшық мұрны қор етті. «Адамның адамгершілігі істі бастағанынан білінеді» деген қағидаға сүйенсек – Мырқымбай троль да анти да емес! Бұл сөздің мәнісін іс басында жүргендер ойлануға тиіс.

Қазақта, «Қарындасы адал ер бақытты, келіні адал ел бақытты», - деген сөз бар. Адалдан келін түсірдік деп ел-жұрты мәз болып жатқанда Әйгерімнің кешегі жазбасы көңілге кірбің түсірді. Ескерер дүние, Іс басында жүріп, сөз ұстаған азаматтар мәселе көтеріп, тақырып жазғанда көңіл-ауанымен кетпегендігі абзал болар еді. Өйткені, сөздің толқындық қасиеті бар, ол – көңілді де, елді де толқытады. «Жат жерге барып... Ақ жаулық тағып...» жазбасы және оған түскен кейбір пікірлерді  оқығанда, сорлы халықтың маңдайдағы соры бес елі өкілі екеніңді сезініп, әжептәуір қорланады екенсің. Расында солай ма? Мен, бұрынырақ «Қыз алып қашу – таза жігіттік, джентельмендікті көрсететін ұлттық қыр, қасиет. Бұған жігіттің жігіті тәуекел етеді және соңына дейін шыдап тұра алады», деген пікір білдірген екенмін. «Жігіт таңдағанын алады, қыз тағдырдың салғанына көнеді». Таңдағанда – теңім, теңдесім; елім, елдесім деп таңдайды. Жоғарыдағы, «соңына дейін шыдап тұра алу» дегеннің мағынасына келсек, ол таңдап алған жарын мәңгілік бақытқа кенелту, бақытқа кенелу болып табылады. Бұл процеске бүкіл әулет, ауыл-аймақ жұмыла ат салысатындықтан басты мәре - абырой биігі болып қала береді. Көтерілген әулет туы, көтерілген жас шаңырақ қайта құламас үшін бәрі жауапты, кемшілікке орын жоқ! Мұның басты артықшылығы да осында. Салыстырмалы түрде ең тұрақты, ең бақытты, ең баянды шаңырақ, отау, отбасылар міне, осылар. Бұдан, қыз алып қашу – елдіктің белгісі екендігін аңғаруға болады. Мен, шымкенттік емеспін, әйтсе де, шымкенттіктер мен олардың ұстанымы жабайылық емес!!!

Күннің нүктесі:

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.