Бәрі қиын

Бәрі қиын
жеке
блог

Мен өзімді тұрақты жанмын деп ойлаушы едім. Жаман қателесіппін. Өзімді періштедей пәк көретін едім, көзім жетті мен нағыз барып тұрған тұрақсыз жексұрын екенмін.

Бәрі қиын. 

Мен оны(Ап-ны) жақсы көрем де. Бірақ басқаға қарап қоятыным бар.

Баяғыда мен Ан-ды жақсы көруші едім. Махаббатымыз баянсыз деп кім ойлаған?! Неге тұрақты ештеңе жоқ?

Ең алғашқы махаббатым – С. Мен ол кезде бесіктен белі шықпаған бала едім. Ол қарапайым, жақсы еді. Қанша жақсы болса да, өскен сайын басқа қасиеттеріне(белгілеріне) мән береді екенсің.

М-ны ұнатып қалғанымды айтсаңшы. Түуф... Ол да өз алдына бір үлкен хикая. Басы жақсы басталып еді-ау. Бәрі өтіп кетті.

Бір досым айтушы еді:"Ақ-қа қарасаңшы? Жақсы емес пе?" деп. "Саған ұнағанмен маған ұнамаса қайтем?" деп қарамаушы едім. Кейде өмірден баз кешіп, дүниеден түңілгенде арбап, Ақ-тың өзіне тартып тұратыны бар. Қасында тұрам да, белінен ұстауға талпынып барып, өзімді зорға тежеймін...  

Содан кейін тыныш жүр едім(тыныш жүру деген мүмкін емес екен). Жүргізбеді. Тағы басқасы өзіне тартып қоймады. Л-ны айтам. Тез ысып, тез суып тағы да дым шықпады. Қазір той-думанда, отырыстарда Ап-мен біргемін. Үйде... Үйге кейде Қ-мен келем(оны жәй ғана ұнатам!). Анда-санда Л есіме түскенде. Үйге ала салам... Ан мен М есіме түскенде өзімнің қандай ақымақ болғанымды түсінемін... Бір тылсым сонда да С-ға тартып тұрады. Қайтесің енді алғашқы ғой...


Барлығын қосқанда біреу шығатын болса ше? Идеал шығады. Оның бойында барлығының қасиеті бар. Жо-жоқ болмайды, өйтуге болмайды, өйткені түнгі клубтағы барлығының дәмі бар қымбат микс-коктейльді ішіп отырған "пафостный" жігіттермен бірдей боп қалам ғо! Ал ондай коктейль ешқашан дәмді болмайды.

Біреуін таңдай салғым келеді. Бәрі қиын...

Ж(азба).І(зімен).(Пост скриптумның(P.S.) "шамамен" қазақшасы) : Не ғо, оқып отырған шырақтар, жаман ойлап қалмаңдар):

Ан - Ананас шырыны, С - сүт, М - Мультижеміс, Л - Лимонад, Ап - Апельсин шырыны, Қ - Қызанақ шырыны, Ақ – ащы су(неге шифровать етіп отырм сонша, сол арақ қой. мөлдір болса да, соны жұрттың бәрі ақ дейтініне әлі күнге таңғалам, мүмкін оны ішкен адам ағынан жарылатындығы үшін ақ деген шығар(бұл жәй ғана болжам))

Жазба Ізінің ізімен(P.S.S):Дегенменде, не деген жексұрын едім?!)