Қайырымды адамдар бар

Қайырымды адамдар бар
жеке
блог

Кеше қызық оқиға болды менде. Кешке жұмыстан шығып дүкенге кіргем үйге нан, сүт алайын деп. Қолымда сөмкем, ноутбук салған сөмкем бар артынып-тартынып алатын заттарымды алдым. Сол кезде терминалды көріп номеріме ақша салайыншы деп қолымдағы ноутбук салған сөмкемді терминалдың жанына қоя салдым. Номеріме ақша салдым да аялдамадан автобус күттім. Күткен автобусыма әрен дегенде сыйып кірдім. Жолда келе жатып жолдасым телефон шалды "кешкі ас дайындап жатырмын" деп. Мен өзім шаршап келе жатқам, қуанып кеттім. Ішімнен ойлап келе жатырмын: "тамақ дайын, ыдыс жуып тастасам болды екен ғой"- деп. Сол кезде есіме аударатын құжаттар бар екені түсті. "Қайдағы демалған аударма бар ғой" дей бере есіме ноутбугым түсті. Қайда??? Жоооқ!(( 4 квартал жүріп кеткен автобусты тоқтатып артқа қайта жүгірдім. Қызығы қайта артқа жүретін автобусқа мінсем қайтеді, жоқ жаяу алқам-салқам шығып жүгірдім ғой)))) Өзімше ойладым, жүгірсем тезірек жетем деп) Әйтеуір дегенде әлгі дүкенге келсем ноутбук салған сөмкем жоқ! Айналдырған 5-6 секунд арасында неше түрлі ойлар кетті : аааа жаңа сыра алып тұрған балалар алып кеткен шығар деген. Сол арада дүкеннің сатушысы жаңа сіз сөмкеңізді ұмытып кетіпсіз деп, сөмкемді бергені!))))) Қуанышымда шек болмады ғоооой. Сонда ойлағаным - "қайырымды адамдар әлі де бар екен ғой"! Қайырымды болайық достар!!!