Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Зар жылатқан, 2012!

Зар жылатқан, 2012!

Зар жылатқан, 2012!

Улап-шулап тағы бір жылды артқа тастадық. Күнтізбеге әлі үйрене алмай келемін. Қайта қайта 2012 деп жазып. Бірақ, 2012-нің кеткеніне өз басым қатты қуандым. Себебі, бұл жыл талайды зар жылатты.

Өткен жыл төрт жыл да бір келетін жыл болған соң, бұл жыл бір түрлі, аса жағымды емес оқиғаларға көп болды. Елмен бірге шекарашылардың қайғысына ортақтастық. Тау-даламыз отқа оранды. Тас жолда талай тағдырлар қиылды. Тізе берсек, көп, әрине. Бірақ, "Тірі адам тіршілігін істейді" дегендей, әрбір арайлап атқан таңнан үлкен үміт, тіршілігімізді жалғастырып жаттық.

Өткен жыл өлімге толы болғандай. Өз әулетімнен де жаназа кетті. Артынша көз3н көріп, қолын ұстаған, сәлем берген кісілер бірінің артынан бірі о дүниеге кетіп жатты. Дұға қылып, көңіл айтып, бір-бірімізді жұбатып жаттық. Таныс, дос, алыс-жақынның да туысы, бауыры кетіп жатты. Қайғыға ортақтасып, бет сипаудан басқа қолдан еш қауқар келмеді. Өткен айдың өзі біраз адамда әуреге салды. Бірінен соң бірі кетіп жатқандай болып көрінді. Нұрлан Албан ағамның да үйінде шырақ жағылды. Ағамның анасы өмірден озды. Осы орайда, ағамның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын (ағаны блог жазбай кеткеніне сөкпеулеріңізді сұраймын, көп ұзамай қатарымызға қосылады деген ойдамын). Бір күнде 27 адамды алып кеткен әуе апаты талайдың қабырғасын қайыстырғаны сөзсіз белгілі. Иә, өткен жыл талайды алып кетті.

Өткен жылы, сондай-ақ, менің көз жасым тек басқа түскен ауыр қайғыдан ғана емес, күнделікті өмірде кездесетін әділетсіздіктен, көре алмаушылықтан, қызғаншақтықтан, сатқындықтан төгілді. Сол сәтте өзгенің көз жасын көргеннен рухтанған адамзат баласы бүгінде іші тарылып, еркін демала алмай, бар ауаға тұншығып жүр. Бұл құдай бар деген сөз. Кеше біреуді жылатып едің, өмір саған өз сазайын беріп жатыр. Осыны ұғыну керек. Себебі, адам күні адаммен.

Дегенмен де, айтпасам күпірлік болар, өткен жыл ауыр болғанмен жақсылықтар мен игі өзгерістерге толды. 2012 мені көп дүниеге басқаша көзқараспен қарауға үйретті, жылтырдың барын алтын емес екендігін ұғындырды. Шүкір! Келер жыл бұдан да тамаша болсын деген тілегім бар.

13 санын атам қазақ жақсы сан деп бағаласа керек. Сол үшін, келер жыл үлкен қуаныштарға, мол шаттыққа, алып табыстарға толсын деген ниеттемін.

10
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 09 қаңтар 2013, 16:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.