Қысқы кеш

Қысқы кеш
жеке
блог

Қысқы кеш

Қара күңгірт жел соғып тұр далада,

Ақ көрпеге ораныпты айнала.

Жапырақтан айырылған соң ағаштар,

Дірілдейді бүрсең қағып, жабыға.

Күн ұяға әлдеқашан батқан – ды,

Тау мен тасты қараңғылық басқан – ды.

Үңірейіп қырат, ойпат, төбелер,

Күңіреніп сырын жырға қосқан – ды.

Жан – жануар тыпыршиды тоңғандай,

Ойдан, қырдан жанға пана таба алмай.

Ал өзендер дүрілдейді алыстан,

Соққан желге мұңын айтып тұрғандай.

Кей үйлерде шам сәулесі дір етті,

Сығырайып жеңе алмай түнекті.

Еміс – еміс естіледі құлаққа,

Сәби үні қытықтаған жүректі.

Бір мезетте жел күшейе бастады,

Жануарлар ыққа қарай аттанды.

Жойқын желдің арынына шыдамай,

Жас бұтақтар бірден сына бастады.

Ызғары мол дауыл соқты шығыстан,

Ақ ұлпамен араласып тоқтамай.

Орын алған бұл өзгеріс тосыннан,

Бір нәрсеге бағыт сілтеп тұрғандай.

Біраздан соң көрінді таң шуағы,

Дала жым – жырт, ақ қар басып тау-тасты.

Жойқын желдің байқалмайды ізі де,

Дүбірлеткен төбе, ойпат, қыратты.