Астана(Қарағанды)--->Тараз(Балқаш)

Астана(Қарағанды)--->Тараз(Балқаш)
жеке
блог

Сәлем достар! Мен сіздерге бір қызық оқиға айтып бергелі отырмын. Бұл оқиға осы жазда Астанадан Таразға автобуспен шыққанда болған. Қызық болғаны сонша кейде есіме түссе шегім қатып күле берем. Енді оқиғаны баяндап берейін. Жақсылап оқып, рахаттанып күліп отырыңыздар...

...

Өткен жазда, 25 шілдеде мен Астана қаласынан Таразға бармақшы едім. ЖД вокзалға барсам билет жоқ екен, Сапаржайда да бүгін жүретін автобустар болмады. Сосын амал жоқ Шанхай базарынан автобусқа билет алып кешкісін автобусқа отырдым. Қасымда досым бар, енді бірге Таразға бара жатырмыз. Бірақ ол менің алдымда отыр, алдымда дегенде алдымда емес, менің рядымда алдындағы орындықта отыр ғой. Екеумізде терезеге қарап отырмыз. Бірақ менің қасымдағы орын бос болатын. Әне міне дегенше 2 жарым сағатта Қарағандыға да жетіп бардық. Автобусымызда біраз орындар бос еді. Енді Шанхайда Тараз, Шымкент деген автобустар толып тұрған. Содан не керек Қарағандыдан адам жинай бастады. Сөйтіп менің қасымдағы орынның адамы мінді Қарағандыдан. Ересек адам, өзін өзі таза, ұқыпты, көпті менсінбейтін, біртүрлі суық адамға ұқсады бір көргенде маған. Менсінбейтін адамды мен менсінембе? Менде тереземе қарап отыра бердім, құлағыма тас бітеп алғам, тас емес енді, наушник қой. Әлгі адамға қарап қоям, мінгенде чемоданмен мінген, бір қарасам әлгі чемоданын ақтарып жатыр, мән берген жоқпын, орысша кітаптар, газеттер шығарып оқып отыр өзінше. Чемоданын орын жоқтай екеуміздің ортамызға қойып қойды. Сөйтіп, түнде қалай ұйықтап қалғанымды байқамай қаппын. Көзімді ашсам досым маған қарап Балқашқа кірдік дейді. Терезеге қарасам Балқашқа жеткенімізді байқадым, созылып көл жатқанынан. Әлгі қасымдағы жігіт әлі отыр екен, отырса отыра берсін, олда мен баратын жаққа бара жатқан шығар. Көзінде қап қара очки, шамасы ұйықтап жатқан болу керек дедім ішімнен. Ортамыздағы чемодан ары бері қозғала берді ау, жолдың нашар болуына байланысты. Енді Балқашқа кіріп бір жерден таңғы ас ішуге шықтық бәріміз. Ас ішетін жерге жеткенше көзім ілініп кетіпті. Досым манты ма плов па жеп алайық деген сөзінен ояндым. Қарасам бүкіл автобустағылар шығып кетіпті. Досымда оян деп шығып бара жатыр, үсті басымды заттарымды түгендеп менде орнымнан қозғала бергенде әлгі қасымдағы жігіттің әлгі чемоданы жерде аунап жатыр, енді шығуға кедергі болып тұр да. Өзі ауыр екен бәленің, үсті басына қарағанша осы чемоданына қарап жүрмейме деп сөйлеп сөйлеп жүріп жігіттің орындығына көтеріп қойдым. Сөйтіп плов жеп болып автобусқа келдік. Елдерден бірінші мініп алдым орныма, құлағыма научник тығып отыра бердім, бір кезде автобус жүріп бара жатыр, менің қасымдағы жігіт жоқ. Досыма жайлап айттым "мынау адам қалып қапты" деп орындығымды көрсеттім. Досым "жаңа водитель "бәрі түгел ма?" дегенде айтпадынба" деді. Мен "естіген жоқпын ғой, музыка тыңдап отырм, айтайынба водительге?" дедім. "Отыра бер қайтып барамызба енді, 12ге дейн ауылда болуымыз керек" деді. Мен отыра бердім. Сөйтіп Жамбыл облысы деген жазуға да жеттік. Жамбыл облысының кеден бекеті деген жазуды жақсылап оқып отырм, пост дейді ғой. Кенет МАИ қызметкерлері біздің автобусқа тоқта деген белгі берді, посттан өтіп барып тоқтадық. Водитель МАИ-мен сөйлесіп келіп, бізге сыртқа шығыңдар деді. Водительдің түсі бозарып кеткен. Біз амал жоқ шықтық. МАИ қызметкерлері 6 адам келді қасымызға, өзім санап тұрм ғой, біреуі водительмен сөйлесіп тұр. Үшеуі бізге қарап тұр, бір тегі қашып кететіндей, заттарымыз автобуста ғой. Екеуі итпен жүр, иттерін сүйреп автобусқа кірді. Научнигімді құлағымнан алып тастағам, әр адамның әрбір сөзін естіп тұрм. Иттің үрген дауысын естіп қалдым. Бір кісі "менің колбасам бар еді автобуста соған үріп жатыр ғой, тамақ бермейсіндер ме иттеріне" деп қалды. Жұрт құр тұрмай мәз боп жатыр. Бір кезде іштен әлгі итпен кірген солдат "16 орын кімдікі?" деді. Жо, жоқ менікі 17. Мен үндемей тұрмын. Бір кезде водительмен сөйлесіп тұрған командирлері ау дейм, ішке кіріп қайта шықты да "16-17 орындарда кімдер отыр?" деді бар дауысымен. Мен қолымды создым, мектепте тақтаға сабақ айтуға шығардағыдай. Мені қазақша түсінбейді деп ойлады ау дейм "Ты сидишь на 16-ном месте?" деді. Мен "17-ші" деп қазақша жауап қаттым. "Кір ішке" деді, даусы ұнамай бара жатыр командирдін. Мен кірсем иттер әлгі чемоданға үріп тұр екен. "Сенікі ме?" деді іштегі екі солдаттың біреуі. Мен менкі емес, оның иесі жолда қалып қалғанын түсіндіргенімше командир маған зекіп сөйлей бастады "Заттарыңды ал" деді, мен өз заттарымды алып алдым. "Чемодан кімдікі?" деді. "Менікі емес" дедім басымды шайқап. "Иесі қайда?" деп маған бақырайып тұр, мен тегі бір алдап тұрғандай. Мен болған жайды түсіндіріп едім, солдаттарға мені бақылауын айтып кетті. Командир Водительге "адамдарын толы ма автобустағы?" деген сөздерін естіп қалдым. Маған командир келіп бөлімшеге жүр деді. Мен потерия болып қалғам, "менкі емес, менкі емес" деп қайта қайта командирге айта бердім, ол тыңдар емес, солдаттардың қасында бөлімшеге келе жатырм. Қасымда тағы досым бар. Ол да маған "бағана водительге айта салмадың ба?" дейд, "Өзің ғой айтпа деген" деп кінәні соған жауып жатырм. Артыма қарасам чемоданды да алып келе жатыр екен. Ішінде менің заттарым жоқ қой деп қоям ішімнен. Бір жағынан басқа зат болса ше? біттім ғой. Біз бөлімшеге кірерде чемоданды басқа есікке кіргізіп жатқанын байқап қалдым. Өзім потерия болып жатқанда оның айтудың қажеті жоқ шығар деп үндемей жүре бердім. Бөлімшеге кірген соң бір бөлмеге кіргізді, Осы бөлме бөлімше дедім ішімнен. Командир кіріп сұрақтың астына ала бастады. Мен болғанын қатесіз айтып бердім. Маған енді ғана сене бастағандай. Қасымда досым да маған қойған сұраққа жауап беріп отыр. Енді бір кісі кіріп қара сия әкеле жатыр. Бұл саусағыңды тектереміз дейді. "Сенің қолыңнан із қалғанынан білеміз енді" дейді командир. Өз өзіме жаңа келген мен тағы да потерияға бас салдым. Қалай? мен оны ұстадым ғой, бағана құлап жатқанда мен ғой көтерген, орындықтың ортасында тұрғанда да менің қолым тиді ғой. Бірақ сыртқа шығармадым ойымдағы сөздерді. Енді бәрібір маған сенбес дедім. Басым ауырып кетті кенет, бір түрлі болып кеттім. Командирдің сөздерің әрең естіп тұрм. Түсіндіруге де шамам келмейтін сияқты болып кетті. Досым мені құтылды, бәрі қазір бітеді деп еркін сенімді отыр. Шындығында мен ұсталдым ғой. Қолыма әлгі сияны жағып отыр, сияға көңілім бөлініп кетіпті, командирдің "чемоданда не бар?" десі бар ма. Мен менкі емес, білмейтінімді жеткіздім. Көзім ілінуге шақ тұр. Оймның бәрі біттім біттім деп тұр. Не ойларымды да білмей қалдым. Сол сәтте дәлізде чемоданды әкеле жатқанын көзім шалып қалды. Денем түршігіп, есімді жидым. Менде білмейм ғой енді шынында не бар екенін, бағана бейтаныс адам ақтарып жатқанда, газеттерін шығарып жатқанда терезеге қарағанша осы чемоданға қарау керек еді дедім ішімнен. Жан жағыма осыдан бастап мұқият боламын дедім сол кезде, енді біз сол қателіктен кейін түзелеміз ғой, алдын ала істемейміз ғой. Бар көзім чемоданда болды сол кезде, әкеле жатқан адамды да байқамай қалыппын. Әкеле жатқан адам, автобустағы менің қасымда отырған, чемоданның иесіне қатты ұқсап кетті. Өз көзіме сенбеймін, елес сияқты болып кетті, қасыма чемоданды әкелгенде нақ соның өзі екенін сездім. Қалай? Не дейм? Мен онымен тіпті сөйлескенде жоқпын ғой автобуста, бір жағынан ұқсап кеткен шығар дедім. Енді кешке көрген адамды танымайтын, сөйлеспеген адамды ұмытып та кетесін ғой. Біз кезде сағатына көзім түсті "сол сол" дедім ішімнен, мойнында дәу болып білініп тұратын жарасы бар етін, екі көзім сол кісіде болды, жарасын көре алар емеспін. Чемоданды қойып ол да арғы жақта еркін отыр. Бұрылғанда маған қарай, жарасы бар екен. Маған суық түрімен бір қарады да, ұялғандай көзін менен тартып алды. Мен көз алар емеспін. Иығында жұлдыздары бар, бір шенді адам ба деп қалдым. Мені тексеріп жатқан командирде ондай жұлдыз жоқ екенін көрдім. Онау кісі чемоданның иесі деп қалай айтам? деп ішімнен сан ойландым. айтуға тырысып ақ көрдім. Бірақ сөзбен бата алмадым. Оның шені жоғары маған жала жауып отыр деп тағы бірдене шығара ма екен деп қоям. Жаңағы кісі менің қасыма келе жатыр екен, өйткені екі көзі менде болып келе жатыр. Менде көзімді тартпай қарап тұрмын. Қасыма келді де "уайымдама бала" деді. Мен тілім жұтылғандай сөйлеуге бата алмадым. Сөйлегенде не дейм? өздеріңіз болсаңыздар не етер едіңіздер? қойш, не болса да көрерміз енді дедім. Чемоданды ашпай тұрған себебі бір қағаздар толтырып отыр командир. Менің документтерімді алып алған, менен басқа ештеңе сұрамады толтырып отырып. Толтырып болып жаңағы бейтаныс адамға біттірдім дегендей қағаздарды қолына ұстатты. Командир шығып кетті, Ендігі бөлмедегі бастық жаңағы менің қасымда автобуста отырған адам екенін түсіндім. Оның түсі суық болғанымен сөйлегенде командирден жылырақ сөйледі. Менің қолымның ізін қорытындысы дайын болды ау дейм, қолыма сия жаққан адам бір жарты қағазын алып келді. Енді жаңа чемоданның иесі маған сұрақ қоя бастады. Бәрін сұрады, менің ақымақ емес екенімді тектерді ау дейм, өйткені жаңа ғана командир бәрін жазып алған болатын басында, ол жазған қағаз чемоданның иесінің қолында тұр. Ойымда ештеңе болмай тұрған чемоданның иесі "Чемоданыңда не бар?" деді, мен түсінбей қалдым, қалай түсінем "менің шалбарымның қалтасында не бар" десем сіздерге не дер едіңіздер? Мен ақымақ ештеңе деппін, сосын қайта білмеймін дедім. ОЛ маған чемодан мен менің саусағымның ізі бірдей екенін жайлап қана айтты. Мен сумкамдағы тассай суынан ұрттап алдым, ол да алдында тұрған суынан ішіп алды. Негізі мен оның суын көріп су ішкім келіп кеткен болатын, бірақ оқиға басқаша болды, ол менен көріп суын ішті. Чемодан қайда дейсіздер ме? чемоданды екі солдат көтеріп кеткен болатын, енді ғана қайта көтеріп әкелді. "Чемоданыңда не бар?" деді, бұл сөз қатты батты маған, ол менікі емес деп түсіндірдім. Маған қораға кіргенімді түсіндірді. Сол кезде ойыма жаман нәрсе түсіп кетті. Автобуста ол газет шығарып жатыр еді ғой, мұнда оны басқа жерге алып кетті, ішіне өздері бірдене салып мені ұстап шендерін өсіргісі келді ма екен. Бұл ойды толық ойланып болғанымша "Чемоданды ашыңдар" деген сөзі ойымнан бұзып жіберді. Мен де сол кезде тұрып кеттім орындығымнан, бәрі келді сол кезде, қалай? олар осы уақытқа дейін оны ашып көрмеген ба? дедім ішімнен. 

Чемоданды маған көрсеткенде ішінде тола лапша жатқанын анық көрдім. Оқып отқан адам құлағындағы лапшаны алып таста, бұл әңгіме тола лапша, қызық оқиға болғанымен болмаған оқиға. ехехехехе, сіздер алдандыңыздар!

 

Қорытынды: Жан жағына мұқият болыңыздар! көпшілік ортада көпшіліктің сөзін тыңдап отырыңыздар, танысып жүріңдер қай жерде де.

(точно қудым)))