жеке
блог

Жатақханадағы жалғыздық

     Жаңа-жыл!Жаңа сессия, әйтеуір жаңа қызықта, қақтығыспен басталды.Қысқы демалысты асыға күткен студенттер үйді үйіне қайтып жатыр.Ал мен болсам жаңа жылды жаңаша қарсалғым келіп 5 жұлдызды 5 ші жатақханамда қалдым.31 желтоқсан таң атты вахтадағы апайдан басқа тірі жан жоқ.Ары аунап,бері аунап төсекте түске дейін жатып уақытты өткізе алмадым қызықсыз болып жатыр.Ойланып қоям Алматының тұрғындары жаңа жылды қарсалмай ма деп.Сонымен кеш болды жаңа жылға 4 сағат қалды.Қоййй жата-жата жамбасым шығар оданша досыма барып кайтайын деп тысқа шықтым.Көшенің қарын қытырлатып басып баяулатып жан-жағыма қарап келем.Қаптаған кептеліс құжынаған пенденің бірі жоқ алып шаһарда жалғыз өзім көшенің күзетшісіндей теңселіп келем.Жай күнде маза бермейтін қалта телефонымда үнін өшіріп ызыңдауын қойған сияқты.Межелі жерге жетіп досыма қоңырау шалып,күтіп тұрмын.Ол мұрны қызарып Аяз атаның ағасындай арқаланып жетіп келіпті.Екеуміз қолымызға шар ұстап Ақшақармен Аяз атадай қаладағы достарымызды құттықтауға шықтық.Сонымен жаяулата құттықтап жүргенде жаңа-жылға 1сағат қалыпты жаңа жылды үйде қарсалып 12ден сон шығатын болып келістік.Абай Алтынсарин көшелерінің қиылысында кездесетін болып кеттік.

     Асыл әжеммен жаңа жылды қарсалып жан досыммен жүздесуге асығып келем яғни сағат 00-30 қайта қалада тіршілік басталғандай тыпырлаған жұрт быжынаған көліктер қозғала бастады.Ең қызығы осы жылда ең бірінші жолыққан адам және танысқан Димок есімді удай мас болып ішіп алған 20 жасар орыс жігіт.Менімен алғашында күле амандасып Абай Алтынсарин көшелерінің қиылысының қайда екенін сұрады жүр жолымыз бірге екен бірге барайық деп қолтығынан сүйеп ұстап алдым олай жасамасам құлап қалар түрі бар.Жол ортасына келгенде әлгі жігіт сырласымдай мұңдасып жылап сырын айтып келе жатыр.Уаделескен жерге жетіп қалғанымды да аңғармаппын.Достарым жиналып мені күтіп отыр. Жаңа-жыл жаман емес жаңаша басталып қызық болып келе жатқан сияқты.Не керек сонымен таң атқанша қудық(ішімдіксіз) Таң ата жатақханаға келіп ала жаздай ұйқы көрмеген аюлардай ұйқыны бастық.Түс ауа ұйқымнан оянсам кешегі күн бір тамаша ертегі сияқты.Қасымда тұратын бауырым Бауыржан демалысқа ауылға кеткен Жалғыз өзім жатақханада жынды адам сияқты оянып алып отырмын.Дүкенге барып нан алып келейін деп күрткемді үстіме киіп еее Жатақхана шулайтын бузықтарың жоқ,ал менің Шайтанбегім жоқ(Шайтанбек менің Бауыржанға қойған атымғой)деп терең күрсініп  қалтама қолымды салсам,қалтамда  әмияным жоқ!Кеше қызықтап жүріп оны да жоғалтыппын.Айтқандай тапқан адамға сүйіншісі бар көре қалсаңыздар айтарсыздар!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда