Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Гүл құмырасымен жеткізілген сезім

Гүл құмырасымен жеткізілген сезім

Гүл құмырасымен жеткізілген сезім

Өмірімде ең ұнаған реалити-шоулардың бірі корейлік «Жас жұбайлар» реалити-шоуы. (Ол шоу жайлы сілтемемен өтіп, оқи аласыздар). Оны соңына дейін қарамадым. Бірақ одан алған әсерім, міне, 3 жыл өтсе де әлі ұмытылған емес. Аудармадағы қиындықтарына байланысты орта жолдан аудармасы қалып қалған еді. Содан кейін көрмей кеттім. Қазір көруге уақыт та жоқ.

Сонымен сол реалити-шоуда Алекс Чу деген керемет әртіс жігіт бар. Оның жұбы болған Шин Э қазір басқа біреуге тұрмысқа шығып кетті. Алайда осы проект барысында Алекстің оған деген сезімі болған сияқты. Егер болмаса, ол керемет актер. Өйткені, оның істеген романтикалық істеріне тек қызыға да, қызғана қарайсың, басқаша мүмкін емес.

Бірде шоудың жүргізушілері Алекстің Шин Э-ге жасаған көріністерін көріп отырып, «Бүгін көптеген күйеулер кешкі ассыз қалатын болды ғой» деп әзілдейді )). Тіпті Алекске романтикалық кештер ұйымдастырудың мектебін ашсаңшы деген ұсыныстар болған.

Шоудың бір эпизодтарында Алекс өз жеке альбомымен жұмыс істеу үшін демалыс алуы керек болады. Сол үшін Шин Э екеуі біраз уақытқа қоштасуға тура келеді. Қоштасу туралы  айту үшін, ол Шин Э-ны дыбыс жазу бөлмесіне апарып, «Мен қазір саған өлең айтамын, сен соның сөздеріне назар аударып тыңда» дейді. Содан, осы сіздерге ұсынып отырған өлеңді айтып береді. Одан кейін I Love You деген жазуы бар, суреттегі құмырадағы гүлді сыйлайды.

Алекс – Гүл құмыраң болсам деп армандаймын

Алыстан, алыстан сен, міне, келіп тұрсың
Діріл қаққан жүрегім өзіңмен қалай тілдеспек?
Оны өзіңе ұрлатқаным қашан…
Мен әлі одан айыға алмай жүрмін.
Бар тілегім сенің гүл құмыраң болу.

Қайырмасы:
Сенің кішкентай терезеңнің алдында
гүл құмыраң болсам деп армандаймын
Ештеме айта алмасам да
Кей кездері жаныма келіп, сипалағаныңды,
Жымиған жүзіңді көре аламын
Әр түн тәтті ұйқыңды күзетемін.

Алысқа, алысқа, міне, тағы кетіп барасың
Еркіме бағынбайтын мына жасты қалай тоқтата аламын?
Жаралы жүрегім сені көргеннен бері айыққан емес.
Тек қана сенің гүл құмыраң болуды армандаймын.

Қайырмасы:

Пы.Сы. Әннің сөздеріне назар аударсаңыздар, өте қарапайым сөздер. Бірақ сол қарапайым нәрседен сезімді жеткізе білген. Өзгенікі таңсық деп қолдай кетуден аулақпын, бірақ осы корей әндерінің аудармасынан байқайтыным, қарапайым нәрселерден хит әндер жазудың шебері екен. Бәлкім бұған әуеннің де қосар үлесі бар шығар. Бұл өмірде әрбір зат махаббаттың, сүйіспеншіліктің, тіпті жек көрудің де нышаны бола алады екен ғой.

Әлбетте, сіздерге Алекс сияқты романтик болып кетіңіздер демеймін. Бірақ алғышарттарын жасап тұрған игі болар еді :)

0
Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 04 қаңтар 2013, 13:08
Тегтер: махаббат, романтика, көңіл, әндер, хит әндер, жанды баурап алатын әндер, әннің шығу тарихы, қарапайым заттар

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.