Мен кіммін? менің сырым...

Мен кіммін? менің сырым...
жеке
блог

Сәлем достар! Сіздерге мен бүгін өзім жайлы бір сыр айтпақшымын. Ол - өзімнің есімім мен тегім туралы. Бірінші, тегім туралы бастасам. Қанатов - бұл маған еш қатысы болмады өмірде. Бірақ атамды жас кезінде осылай атапты бәрі. Негізгі құжаттағы есімі Болат. Атамның есімі туралы ештеңе білмеймін. Марқұм апамнан сұрағанда "үйленгенше Қанат, үйленген соң Болат болып кетті" дейтін.

  Ал енді өз есіміме келсек. Сіздер таңқаларсыздар, бірақ мен Нұрдәулет екенімді 6 сыныпта ғана білдім. Азан шақырып қойған есімім Нұрбек болатын, ал енді қалай болғанын түсіндіріп берейін, оның өз оқиғасы бар...

...1993 жыл, 21 сәуір күні мен дүниеге келіппін. Келгенде қандай атамның тұңғыш ұл немересі болып, иә, иә, жанағы үйленгенше Қанат, үйленген соң Болат болған атама. Содан маған ат қою , есім таңдау басталыпты. Атам үйдің үлкені, соңын айтқаны болады деген соң атам мені Нұр деп қоймақшы болыпты. Нұр - біртүрлі есім ғой иә, құр Нұр деген несі, бірдене жалғау керек қой иә? Иә, әкем де дәл осылай атама айтады. Әкем өз вариантын ұсынады жоғарғы жаққа. Ол нұсқа Нұрдәулет болатын. Өйткені әкемнен кейінгі бір ағам болыпты Дәулет деген, жастай шетінеп кетіпті. Әкемнің варианты түсінікті ғой Нұр мен Дәулетті жалғау. Қазақ қашанда қырсық қой, атам басқа вариант тауып алады, мә саған Нұрға жалғау керек па деп Нұрбек болсын дейді. Нұрбек? несі бар жаман емес. Бәрі келесіді, бәрі сол әкем мен атам ғана ғой. Осылай менің атымды азан шақырып Нұрбек қояды...

...бар қызық енді басталады...

...Содан метірке(туу туралы куәлік) алу үшін әкем барады. Ал әкемнің ойында түк жоқ, баяғы Нұрдәулет деп жүр әлі. Нұрдәулет есімі ұнап қалған болу керек. Содан жанағы жазатындар сұрамайды ма, сәбидің есімін кім деп жазайын деп, Нұрдәулет дей салады, содан әкем де куәлікті алып оқымайды, үйдегілерге тем более маңызды емес куәлікті оқу, өйткені есімім белгілі ғой, Нұрбекпін ғой. Содан менің туу туралы куәлігі талай жыл шаң басып жатады, Метіркем тек анамда ғана болады. Бәрі мені Нұрбек деп жүреді. Күндердің күні мен 6  сыныпта шын есімімді білдім. Басында Нұрдәулетпін дегенге ұялатынмын. Жоқ, менің есімім Нұрбек дейтінмін...

...Содан жаңа есіммен өмір бастап Астана қаласына келдім. Келгеннен бастап кез келген адамға мен Нұрдәулетпін дей бастадым. Басында қысылыңқырап айтатынмын есімімді, колледжде басында Нұрдәулет деп шақырғанда тіпті қарамайтынмын. Кейіннен үйреніп кеттім, өмір бәрін үйретеді екен. 

Атам - үйленгенше Қанат, үйленген соң Болат болса, Мен - Астанаға келгенше Нұрбек, астанаға келген соң Нұрдәулет болдым...Мен Нұрдәулет Болатовпын!!! 

(қуып кеттім ау дейм тағы)