Әуелеген әсем Дауыс.... әсем Ән....

Әуелеген әсем  Дауыс.... әсем Ән....
жеке
блог

Толқығандай теңіз кеудем, Екі жүрек егіз деумен......

Сен үшін жаралғандаймын....

Жаны нәзік гүлсіңбе, Жаным...

Өткен менен кеткенді ойлап....

Дүние ешкім әкетпес, Қызылды-жасыл базардан....

Әуелеген ән біріне-бірі жалғасып, минут пен сағат кезектесе алмасып....жан-жүрегіңді табындырып, өткен өмірдің өткелдерін сағындырып, сұлулықтың сансыз сырларын сыбызғының сиқырындай сыңғырлатып, шымырлата шымшылағын сезім бір сәт бусанып,тыншыған әуен, самалдың лебіндей жай ғана желпіп өтеді....

 Күллі әлемнің құдіретін көкірегіне құйған, кәусар бұлақтың мөлдірлігін бойына жиған домбыраның қоңыр үні құлағыңызға келгенде "қайран өмір",- деп қайран қалған көңіліңіздің қылын шерте, құйқылжытып, ойыңызды бағындырып, қан тамырларыңызды кернеген, ішкі дүниенің бұрын сырын білмеген, рухани құндылықтың қақпасына қарап, қайсар халықтың қайратты қыраны екеніңізді  түйсініп, тылсым тұңғиықтың тереңдігін аңғарасыз... 

Бұл не? Ән құдіреті ме, жоқ әлде, Әнші құдіреті ме?!...

Иә...Ән мен Әнші біте қайнасып, сорпасы ажырамастай сұйылған кезде шөліркеген адам жанын сусындатып, өмірлік азық болардай ой туындатары анық...  Күйкі тірлігі бітпес күйбең өмірде, сүреңсіз сұрғылт дүниенің пердесін сырғытып, ажарлы әлемнің есігін айқара ашып күдікке толы күніңізді, үмітке толтыра үкілейтін де Халықтық қалыптан ауытқымай, жаңа дәуірмен жанданып жасарған, көңіліңізге қанат бітіріп самғататын жалынды жүрек жырларынан жаратылған әуезді ән...  

Ән жолдарына қарап өмір жолдарын саралайтын менің жүрегім әннің әр шумағымен үндесе сырласып, құдіреттілігіне таңданып, құпия жұмбағының жауабын іздеуге талпынғанымен ..... Әнмен құлыпталған Әнші жанының кілтін іздеуге құлшынған емес...