Сені ойлай ...

Сені  ойлай ...
жеке
блог

 

Өзіңді сағынумен күндерім өтті,

Көзімді ілмей ойлауменен түндерім өтті,

Жанарымды жұмсамда елестейсін

Махаббатым оралмас алысқа кетті...

 

Махаббатым асылым суйген жаным

Амал барма, өткенге күйме жаным

Қайтесің өмір заңы жазылмаған

Тағдырдың жазуымен жүріп жатырым...

 

Мәңгілікке кетсенде елес болып,

Сағынамын, іздеймін сағым қуып,

Алыстасың қол жетпейді созсамдағы

Бұрынғыдай келмессің *жаным* болып...

 

Мейлі, қанша қатал болсанда өмір заңы

Тоқтамайды күндерім, қайта атар таңы

Жүре алмаспын өкініштің у-ын ішіп

Алға қарай қадамым, алға тағы...