Массагеттіктерге арнаймын

Массагеттіктерге арнаймын
жеке
блог

  .. .

      Міне, баршамыздың көптен күткен ең керемет, ең ғажайып  Жаңа жыл  мерекесі келіп жетті. Жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, серпін беретін, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше сипаттағы бұл айтулы мереке.

       Сөйтіп, төрімізге иіріліп жылан келді. «Тойдың болғанына боладысы қызық» дегендей, 2013 жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындық үстінде болдық; үй ішін безендіріп, әсем шырша орнаттық,..алдын-ала сыйлықтар сатып алынды.   

                 .          ...

      31 желтоқсан күні телефоныма дамыл болмады; біресе құттықтау хат келеді, біресе достарым телефон шалып, жылы лебіздерін білдіріп жатты. Сағат 20.00-де мерекелік мол дастархан жайылып, әрқайсысымыз тілек айтып, теледидар тамашаладық, ал сағат 12.00-де шампан атып,  ... далаға отшашу атуға шықтық. 1 

       Құрметті Массагеттіктер! Сіздерді жаңа 2013 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл жаңа бастамаларыңыз бен еңбектеріңізге зор табыстар әкелсін! Жаңа жылда отбасыларыңызға жылдың жақсылығын, әрқайсысыңызға бақ-береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін! Жаңа жыл бәрімізге ортақ берекелі, жаңа табысты өзгерістерге толы болсын! 

.

    Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін!  Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!

         .     .        ...

 

   Р.S.   .. ұжымына алғыс білдіремін! Массагетте көрінбей жүрсем де, мені агент арқылы іздеп тапқан Анарға, Астанаға келіп, маған сыйлықты табыс еткен Болатқа көп рахмет! Сіздер үшін 2013 жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен тамаша бастамалар жылы болсын!