Коала жайлы не білесіз?

Коала жайлы не білесіз?
жеке
блог

Коала (лат. Phascolarctos cinereus) - қалталы аю. Қалталыларға жататын сүтқоректі. Дене ұзындығы 60-82 см, салмағы 16 кг дейін жетеді. Бетінен ерекшеленген мұрны қара, үстіңгі жағы тақыр. Сырт жағынан құйрығы байқалмайды. Алдыңғы аяқтарының бірінші және екінші тұяқтары басқаларына қарамақарсы қойылған.

Эвкалипт ормандарында (Австралия), ағаштарда мекендейді. Түнгі баяу қимылды жануар. Эвкалипт ағашының жапырағымен қоректенеді,.

Ересек еркек коала үйір құрайды. Бір тұқым береді, ол анасының дорбасынан 9 айда шығады. Коалалар 12 жыл өмір сүреді.