Qazaq tili

Qazaq tili
жеке
блог

Сәлем достар! Тағы да жаңа жылдарыңызбен құттықтай отыра бәріміздің алдағы мақсатымыз жөнінде бір екі ауыз ой бөліскім келіп отыр. Ол - әрине әлипбиді қалай латын қарпіне сай етіп жасау. Ауысу ауыспау жөнінде талай пікірлер айтылды. Бірақ таразының ауыр салмағы ауысу керек екендігі туралы пайызын шығарды. Ол әрине дұрыс қой. Дұрысы асықпай уақыты келгені. Ендеше пайдасын атап өтейік:

1.  Басты ұтатынымыз орыс тілінен бөлектене түсеміз.

2. Көшедегі үш тілді жазудан құтыламыз.

3. Қағаз құжаттарымыз жаңартылатын болады. Әрине қағаз ауысқан соң да орыс тілінен ажыраймыз толықтай.

4. Қазақша білмейтіндер қазақша үйренуге құлшынысы артады.(қазақ елінде жүргендер)

5. Агенттегі жазуларда түзеле бастайды. Әйтпесе латыншан не кирилцан не бәрібір қате жазып жүрміз.

Бұл менің ойыма түсіп жүрген мәселелер. Бұдан басқа қаншама мәселелер бар, Интернеттің өзі бір тау, Экономика бір тау болып қатып тұр. Олардың да еритін кезі жақындап қалды.

Негізі бұлардың бәрін өздерініз біліп тұрсыздар ғой. Негізгі айтар ойым бұл емес еді. Теория түріндегі қағазды практика түрінде қабылдау ғой. Ал енді негізгі мәселеге кірісейік. Қалай қолданамыз латын қарпін?

Мамандар осы жағынан өз нұсқаларын қабылдап қойды. Сіз осы жөнінде өз ойыңыз?

А әрпі а түрінде қалары анық.(б,в,г,д,е,ж,з,к,н,ш,ф,п,р,о,л,д,т,м,с бұларда түсінікті шығар);

 Э, Ц, Ч, Я, Ь, Ъ, Щ, Ю  - бұл әріптер қажет емес ау шығар шамасы;

Енді маңыздысы: й, у, ш, ы, и, ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө - әріптері болашақта қалай болады ойландыңыздар ма?

Болашақ дегенің ертеңін, ертеңінді бүгін ойлау керек...