Жаңа жыл құтты болсын ағайындар

Жаңа жыл құтты болсын ағайындар
жеке
блог

    Құрметті Массагет ұжымы және Массагеттің барша оқырмандары осы келіп қалған жаңа жыл құтты болсын, жаңа жыл табысты болсын, отбасыларыңыз аман болсын, еліміз тыныш болсын деген ақ тілегімді сіздерге арнайы арнап отырмын.     Биылғы жыл Массагет үшін жалпы барлығымыз үшін де жақсы жыл болды. Массагет өзінің 1 жылдығын атап өтті. 1 жыл бойы Массагет үлкен абырой бедел жинады, қазақ тілді ақпарат құралдарының рейтингін жоғарылатуға жаңадан ашылғанына қарамастан, өзінің шамасына қарай, әліне қарай атсалысты. Қазақтілді оқырмандардың үзбей оқитын серігіне айналды. Қазнеттің төріне шықты депте ойлап отырмын өз ойым. Массагет бәзбіреулер секілді ұсақтық көрсеткен жоқ, ірілік көрсетті. Өз аудиториясының санын ұлғайтты. Ағайынның ықыласына бөленді, ақ адал алғысын алды. Алаш баласының айбынын асырды, жақсылықтардың жаршысы болды, қатарының алды болды. Массагет дегенде қазақ баласы бейжай қалмады. Алматыдан жариялаған ақжолтай ақпараттары лезде ауыл аймақты шарлап кетті. Көптеген шет елдерді де тәнті етті. Дұрысты дұрыс деді, бұрысты бұрыс деді, жұртына турасын айтты, яғни әділін айтты. Мұндай қыруар тірліктерді жасап отырған Массагеттің басшылық құрамына, және әрине күнделікті ақпараттарды дер кезінде қалтқысыз қапыда жібермей ел жұртқа жариялап отырған Массагеттің ұжымына алғысымыз шексіз. Осы қолға алған үлкен тірліктеріңізді әрі қарай да жалғастыра берулеріңізге тілектестік білдіреміз біздер көзі қарақты оқырман қауымы. Және де сөз реті келіп тұрғанда айтатын ойым бар еді Массагеттің ұжымына. Осы сайттан арнайы ұлтымыздың тау тұлғаларына арнап тарау ашылса деген ойым бар. Шүкір қазақ тұлғаларға кенде емес. Күнде әр тұлғаны жазып отырсаңыздар жақсы іс болар еді. Өйткені қазір көп адам кітап оқымайды, арине оқитын да адамдар бар. Осы сайтта жазылса көп адам оқиды деген ойым бар. Массагеттен біз білмегенді біліп қана қоймай, көптеген ақпараттар оқимыз. Ендеше тек биікке самғай беріңіздер. Жаңа жылда жақсы күндеріміз көп болсын. Бала Массагеттен дана Массагетке жеткен күнді көруге жазсын Тәңірім.