жеке
блог

ОЙ

...Күрсiнемiн сол жылғы күздi ойға алып,
Өзегiме ап-ауыр сыз байланып.
Бiр көктемiн өмiрдiң аңсай-аңсай,
Аппақ қарға кеттік пе біз де айналып???
Уақыт осы алдайды бекер менi,
Өткен күннен ештеңем өтелмедi.
Жылау...
Күту...
Қоштасу...
Мұның бәрiн,
Бәлкiм, менiң жүрегiм көтермедi?!
Ұмыту қиын бiлем, сiрә, бәрiн,
Мен маңдайды Тәңiрден сұрамадым...
...Қалған кезде неге осы өз-өзiммен.
Мөлтiлдейдi көзiмде күнәларым...
Осылар ғой ұрлайтын тынышымды,
Жүзiме өкiнiнiштiң мұңы сiңдi.
Кетіп-ақ қалсам ба екен өзге әлемге,
Қоярмын сонда сірә, у ішуді?!...
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі